Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Асырап алушы ата – аналар мектебі

2020 жылдың маусым айында «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ –нің педагог психологы   А.Р.Кудушева және  и әлеуметтік педагог А.А.Родионова «Асырап алушы ата –аналар мекетбінің жаттықтырушыларын оқыту» бағдарламасын оқып, «Ана үйі» ҚҚ –ның сертификатына ие болды. Бала асырап алушы ата-аналар мектебі "Ана Үйі"қоғамдық қорының бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттігі жобасының қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Асырап алушы ата –аналар мектебі жұмысының мақсаты ата –аналарды балалар үйінен бала асырап алуға, барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өз мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, патронат ата-ана болуға дайын болу дайындау. Асырап алушы ата –аналар мектебі не үшін керек? Адам бала асырап алу туралы ойлаған кезде, ол тек үміттерге ғана емес, сонымен бірге қорқыныш пен мазасыздықты басынан өткізеді. Өз –өзіне көптеген сұрақтар қояды:  «менің қолымнан келер ме екен? Бұл қалай болады ? Мен бұл әрекетіме өкінбеймеймін бе»? және тағы да басқа көптеген сұрақтарға жауап таба алмауы мүмкін. Бірақ адам күмәнданбай  өзіне деген сенімділігі жоғары    болса да, бұл оның қиындықтардан аулақ бола алатындығын білдірмейді, өйткені балалар үйіндегі бала ерекше бала. Ол сіздің отбасыңыздың толық мүшесі болуы үшін жақсы дайындық қажет. Кез келген ұзақ жол алғашқы кішкентай қадамдардан басталады. Мен №2 топтағы асырап алуға ниетті кандидаттарды асырап алушы ата –аналар мектебінің сабақтарында қуанышпен қарсы алуға дайынмын!  

Дайындық нәтижесінде асырап алушы ата-аналарға үміткерлер:асырап алатын баланың ерекше қасиеттері мен қажеттілігін түсінетін болады; 

асырап алушы баланың тәрбиешісі ретінде өзінің  қабілеттері мен мүмкіндіктерін білу;

Сіз  қай баланы қабылдауға және тәрбиелеуге болатындығын, сізге және балаға  асырап алудың қандай түрі  сәйкес келетінін түсіну; 

• баланы отбасына қабылдағаннан кейін бізбен қандай түрде ынтымақтаса алатыныңызды түсіну. Әлеуетті ата-аналарды оқыту үшін WhatsApp-та топ құрылды, сабақтар Skype платформасы арқылы онлайн өтеді.