Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Мекеменің типі: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Үміт» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын беріп, тәрбиелеу мен білім алуына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме Павлодар облысы білім беру Департаментінің 2001 жылғы 25 маусымдағы «Үміт» Екібастұз мектеп – интернатын қайта атау туралы» № 1-05/247 бұйрығымен құрылды, Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар облысы білім беру саласының мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» № 65/2 қаулысына сәйкес қайта атанды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады. Павлодар облысының білім беру басқармасы Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқаруын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тіліндегі атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Үміт» балалар үйі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі атауы: Коммунальное гоударственное учреждение «Детский дом «Үміт» управления образования Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері:Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, К. Сатпаева бульвары, 6 үй

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.