Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

"Өздік білімін жетілдіру жұмысы бойынша тәжірибемен бөлісу және кәсіби құзыреттілікті арттыру"

2021 жылы 10.02. күні  "Өздік білімін жетілдіру жұмысы бойынша тәжірибемен  бөлісу    және кәсіби құзыреттілікті арттыру " тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында қосымша білім беру педагогы А.Токейдің "Қазақ тілі үйірмесі сабақтарында ауызекі сөйлеуді оқытудағы коммуникативтік ойындар" тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Осы тақырып бойынша  үш жыл бойы жұмыс істей отырып, педагог "Мен дәрігердің қабылдауына барамын", "Телефон арқылы сөйлесу", "Дүкенде", "Танысайық" және т.б. тақырыптар бойынша  коммуникативтік ойындарды әзірледі.  Тәрбиеленушілер жадынамаларға сүйене отырып, бірқатар практикалық сабақтарға қатысып , өздерінің сөздік қорын байытып, қазақ тілін білу деңгейін арттырды.  Іс-тәжірибелік бөлімінде Ардагул Токей әріптестерімен коммуникативтік ойындар арқылы қазақ тілін меңгеру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Педагог-психолог А.Р. Кудушева өз  білім  жетілдіру бойынша    аралық  кезеңнің  қорытындысымен  бөлісті. Тақырыбы:    "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілерінің өзін-өзі анықтауын  кәсіби  бағдарлаудың негізі ретінде қолдау". Тәрбиеші  тәрбиеші К. Б. Рамазанова  "Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өмірге дайындау"тақырыбы  бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.  Педагогикалық кеңестің соңында әр мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.