Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Білім сапасы: ол неден құралады?

2016 жылғы 28 қараша күні балалар үйінде «Білім сапасы: ол неден құралады?» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.Дөңгелек үстел формасында өткізілген педагогикалық кеңеске №24 мектеп –гимназиясының әкімшілігі, пән мұғалімдері шақырылды.

Педагогикалық кеңестің мақсаты:

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің білім сапасын қалыптастыру мақсатында барлық педагогикалық процесске қатысушылардың (балалар үйі мен мектеп педагогтарының) өз ара байланысын, бірлесіп атқаратын қызметттерінің реттілігін анықтап, келісімммен жұмыс істеуге қол жеткізу.

Жоспар:
1. Балалар үйі басшысы Н.А. Абдрахманованың кіріспе сөзі.
2. И.А. Чернованың баяндамасы «Балалар үйі тәрбиеленушілерінің білім сапасына әсер ететін проблемалар туралы»
3. «Білім сапасын арттыруға бағытталған мұғалімнің іс –әрекеті» - №24 мектеп –гимназиясының математика мұғалімі Арефьева Наталья Викторовнаның баяндамасы.
4. «Балалардың білім сапасын арттырудағы ынталандырудың рөлі» - балалар үйінің психологы Кудушева А.Р.
5. «Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс,сабақта және өздік дайындық кезінде олармен қалай жұмыс жасау керек» - №24 мектеп –гимназиясының мұғалімі Успанова Айгуль Аманжоловна және 6 топ тәрбиешісі Н.Т. Сагындыкованың баяндамасы.
6. Рефлексия
7. Шешім қабылдау, пікір талас

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. Балалар үйі сайтына өздік дайындық кезінде қолданылатын озық тәжірибелер, әдістемелер,технологиялар туралы материалдарды орналастыру.(топ тәрбиешілері, үнемі)
2. Мектеппен тығыз байланыста болу:сынып жетекшілері, пән – мұғалімдері, психологтар балалардың оқу процессіне ынтасын жоғарлату мақсатында жаңа әдіс, тәсілдерді өз жұмысында қолдану. (тәрбиешілер, психологтар,сынып жетекшілері,пән - мұғалімдері, үнемі)
3. Пән –мұғалімдері, балалар үйінің педагогтарына ұсыныс: білім деңгейін қадағалап отыру үшін мониторинг, әр бір үлгерімі нашар
баланың жетістігін көрсететін қарта жасау; нәтижесі бойынша түзету жұмыстарын жүргізу.(пән мұғалімдері, тәрбиешілер, үнемі)
4. Пән мұғалімдері күнделікке үй тапсырмасын жазуын ерекше бақылауға алсын,сабақ барысында үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық көмек көрсетілсін. (пән мұғалімдері, үнемі)
5. Мектеп және балалар үйі педагогтары балалардың оқу үрдісін, сабақ оқу еңбегін ұйымдастыра білуін қалыптастыру.(пән мұғалімдері, тәрбиешілер, үнемі)
6. Оқу жылы бойы мектеппен тығыз байланыста болып, тәрбиешілер сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен ара қатынасын күшейте отырып, «қордағы» тәрбиеленушілерге жекелей сапалы психологиялық – педагогикалық жөн сілтеуді қамтамасыз ету. (тәрбиешілер,психологтар,сынып жетекшілері, пән мұғалімдері үнемі)
7. Өздік дайындықты ұйымдастырып өткізу жұмысының сапасын жоғары деңгейге көтеру. (тәрбиешілер , басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары, үнемі)
8. Топтағы балалардың білім сапасына жүйелі, ашық түрде мониторинг жүргізу, мектептегі жетістіктерді бірінші , негізгі орынға қою, топтағы балалардың іс –әрекеті мен бағасы бойынша рейтинг жүйесін енгізу арқылы әр бір тәрбиеленушінің оқуда жетістікке жетуге деген жеке қызығушылығын қалыптастыру.(топ тәрбиешілері, үнемі)
9. Тәрбиеленушілерге арналған қосымша сабақ, консультация ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру үшін мектеп педагогтарымен бірлесіп атқаратын жұмыстарды күшейту. (тәрбиешілер, сынып жетекшілері,пән мұғалімдері, үнемі)
10. Білім сапасы бойынша аралық талдауды уақытылы өткізу, үлгерімі төмендігінің себебін анықтау және шешу жолдарын белгілеу (тәрбиешілер, сынып жетекшілері, үнемі)
11. Балалардың білімін толықтыруда «Мектеп білімінің міндетті минимумын» негізгі бағыт етіп басшылыққа алу. (топ тәрбиешілері, үнемі)