Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Тұрмыстық техника әлемінде

Тәрбиеленушілердің әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 8 желтоқсан күні «Үміт» балалар үйінде «Тұрмыстық техника әлемінде» тақырыбында іс –шара болып өтті. Бұл іс –шара «Кәсіби жетістік -2017» сайыстық бағдарлама шеңберінде «Сымбат» тобының тәрбиеленушілеріне арналды. 

Қазіргі қарбалас өмірде тұрмыстық техника үй шаруасын жылдам әрі тиімді тындыра алады. Кей кездері адамдардың жұмысын толығымен атқарады. Дәл осы мәселе іс-шараның өзекті мәселесі болды, әр бір тәрбиеленуші болашақ үй иесі, сондықтан бұл білім оларға міндетті түрде қажет болады.

Алдын ала жүргізілген жұмыс бойынша тәрбиеленушілер тұрмыстық техника дүкеніне барып, тұрмысқа қажетті жаңа техникалармен танысып, оларды іс жүзінде байқап көрді. 

Сабақ барысында тәрбиеленушілер тұрмыстық техниканың  қатысты әр түрлі сұрақтарға жауап берді, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін талқылады. 

«Сымбат» тобының тәрбиеленушілері тұрмыстық техникалардың шағын - көрмесін ұйымдастырды. Тұрмыстық техника бойынша үздік білгірлер болып   Искакова Аделия және  Червинская Кристина алға шықты. Тұрмыстық техниканың үздік білгірлері блендердің көмегімен қонақтара арнап  коктейль дайындады.

Сонымен қатар қыздар электр құрылғылардың  адам өмірі үшін қауіпті екендігімен де танысты.Электр құрылғыларын пайдалану ережелері және техникалық қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдірді. Сабақ бәріне өте ұнады , қыздар тақырып бойынша өз пікірлерін  синквейн түрінде білдірді. 

Техника.
Қажет , заманауи.
Жеңілдетеді, көмектеседі .
Біздің өмірімізге қажет.
Барлығы керемет болды  !!!