Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

«Кәсіби жетістік - 2017» менің алғашқы сайысым

2017 жылғы желтоқсан айының басында «Үміт» балалар үйі  тәрбиешілерінің  арасында тәрбиеленушілерге әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларды  қалыптастыру бойынша  өткізілген  «Кәсіби жетістік -2017» педагогикалық шеберлік сайысына  қатысуға маған да мүмкіншілік туды.

Өзімнің педагогикалық азғантай тәжірибемді  әкімшілік пен әріптестердің алдында ең бастысы балалардың алдында көрсету  оңай болмағанын мойындаймын.Өзімді тек педагог ретінде ғана емес аздап артист рөлінде де көрсетуге тура келді Бұл  қиын да қызықты,  қуанышты және  құрметке лайықты болды. Менің  әр түрлі педагогикалық идея , ізденіс, әдістермен танысуға мүмкіндігім болып,  өзім үшін көптеген жаңалық аштым деуге болады. Ашық сабақтың педагогикалық тақырыбы: «Қонақжайлылық әдебі». Бұл тақырып менің жаныма жақын, қызықты әрі өте өзекті тақырып деп ойлаймын. Ұлт көшбасшысы  Н.А.Назарбаев  өзінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында туған жерге , оның мәдениеті мен әдет – ғұрпына  сондай ақ өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани – адамгершілік тәрбиесіне  ерекше мән берген. Сабақтың негізгі мақсаты біздің елімізде тұрып жатқан ұлттардың қонақ жайлылығы туралы білімдерін кеңейту болды.