Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Түлектерді интернаттан соң сүйемелдеу және қолдау көрсету

2018 жылғы 22 қарашада  «Үміт»  балалар үйінде «Түлектерді интернаттаң соң сүйемелдеу және қолдау жұмысын ұйымдастыру. 2015-2018 жылдар аралығындағы түлектердің өмірі» тақырыбында №2  педагогикалық кеңес болып өтті.Педагогикалық кеңестің мақсаты Жастар үйі түлектерінің сәтті әлеуметтенуі үшін педагогикалық ұжымның интернаттан кейінгі сүйемелдеу және қолдау көрсету жұмысын жүйелендіру , іс тәжірибелерімен бөлісу. Педагогикалық кеңес аналитикалық есеп түрінде өткізілді.

Педагогикалық кеңес  «Үміт» балалар үйінің басшысы Н.А.Абдрахманованың  кіріспе сөзімен басталып, ары қарай әлеуметтік педагог А.А. Родионова  талқыланатын тақырыппен таныстырып,  «Шеңберге шық»  ойынын өткізуі педагогтардың бірлесіп шығармашыл нәтижелі жұмыс істеуіне оң әсер берді. 
Жастар үйінің директоры М.А.Алтыбасарова «Жастар үйі жағдайында түлектерді  интернаттан соң сүйемелдеу  және оларға қолдау көрсету» тақырыбында ақпараттық баяндама жасады.  Жастар үйінің тәрбиешісі  Л.С.  Сыздыкова  « Жастар үйінің түлектері, жас отбасыларды  интернаттан соң сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасап, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Ары қарай « Жастар үйі педагогтарының түлектерді интернаттан соң сүйемелдеу  бойынша жұмысының әдіс –тәсілдері» туралы жастар үйінің тәрбиешісі Г.Н.Бейсембина баяндады. Балалар үйінің психологы  А.Р.  Кудушева  « Жастар үйі тәрбиеленушісін  өз бетінше өмір сүруге, әлеуметтенуге психологиялық түрде дайындау» тақырыбында ұсыныстар    жасады. Педагогикалық кеңес соңында тәрбие жұмысы бойынша басшының орынбасары Г.Н.Абдулина «Педагогикалық идеялар жиынтығы» тақырыбында рефлексия  өткізіп, әр бір педагог тақырып бойынша өз ой –пікірлерін білдірді.
Қатысып отырған барлық педагогтар педагогикалық идеяларды белсенді түрде қабылдап, педагогикалық кеңес шешімін шығарды. Жастар үйі педагогтарының түлектерді  интернаттан соң сүйемелдеу , тәрбиеленушілерді бейімдеу және әлеуметтендіру жұмысын тиімді деп шешті.Әлеуметтік педагогтың жұмысын қолдап, Жастар үйі түлектерінің мәлімет базасын құру жұмысын ары қарай жалғастыру, олардың өмірі туралы есеп, талдау  жасап, оларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастыру ұсынылды.