Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Педагогикалық кеңес

Балаларды қолдау орталығында «Рухани жаңғыру – адамгершілік тәрбиенің негізі» тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті. Тәрбиешілер TEDx форматында  Павлодар облысы бойынша  жас ұрпақты тәрбиелеу  тұжырымдамасының жобаларын ұсынды. «Менің Туым», «Family day», «Адал friends», «ЭКОboom», «Шаңырақ», «Бала-business» жобаларын енгізу  бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесімен танысты.Педагогтар шық атмосферада топпен жұмыс істеп, өздерінің тәжірибелері және ойларымен бөлісті.Педагогикалық кеңестің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде білім мен тәрбие берудің тиімді интеграциялық әдістерін анықтау.
Педагогикалық кеңес екі кезеңнен тұрды: теориялық және практик. Бірінші кезеңде басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Абдулинаның баяндамасы тыңдалынды. Ол өз баяндамасында Рухани жаңғыру бағдарламасының негізінде мекемедегі  білім  және тәрбие берудің  негізгі аспектілері туралы әңгімеледі. Тәрбиешілер бағдарламаның іші бағдарламалары ,арнай жобалары туралы баяндады. Педагогикалық кеңес жұмыстың жаңа түрі,  әдіс –тәсілі бойынша мемлекеттік бағдарламаның негізгі бөлімдеріне сәйкес  өте тиімді өткізілді. Тиімді  жұмыстың нәтижесінде педагогикалық кеңеске қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ары қарай жүзеге асырудың  бағыт –бағдарламасын анықтады.