Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Достар әрқашан жанымызда

Өмір болған соң жағымсыз сәттер де болып тұрады. Короновирус біздің әдет –дағдымызды , өмір салтымызды өзгертті, ал балалар  қашықтықтан оқытуға көшті. Нағыз достар шетте қалыс қалып қоймайтындығына  біз осы жолы да көз жеткіздік Қамқоршылар "Восточный"  разрезі балаларға  смартфондар сыйлады! Құрметті достар, сіздердің назарларыңызға, күш-жігеріңізге, қамқорлықтарыңызға және балаларды дамытуға  қосқан үлестеріңіз үшін, осындай  өте қажетті  сыйлық  сыйлағандарыңыз үшін рахмет! Балалар сыйлықтарды үлкен ықыласпен, шын жүректен риза болып  қабылдады және оларды оқу процесінде қолданып жүр. Сыйлықтар алу әрине қашан да  қуанышты! Әсіресе, өте қажет сыйлықтар алған есте сақталады! Көңілің  бірден көтеріліп, ,  ұзақ уақыт ұмытпай жүресің. "Гидропром" ЖШС  бізге сыйға ноутбук тарту етті! Құрметті Исламбек Махмерович! Сізге шын жүректен рахмет! Сізге денсаулық, отбасыңызға бақыт тілейміз! Жұмысыңыз өрге басып, өркендей беруіне тілектеспіз!