Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Достарға рақмет!

Қазіргі жасөспірімдер сәнінде ұзақ мерзімді үрдістер жоқ. 10-16 жастағы ұлдар мен қыздарға арналған сән Контактідегі немесе Инстаграмдағы таспа сияқты тез өзгереді. Сондықтан қазір жасөспірімдердің сән  әлемін түсіну мүмкін емес. Бірақ  ол жағын біздің достарымыз «Сәби бақыты» ҚҚ –ы жақсы түсінеді.Олар өздерінің көмекшілері «Жер Билдинг» ЖШС  - мен бірлесіп, біздің  балаларға  тағы да  қуаныш сыйлады.   Сәнді де ашық түсті  жемпір-свитшоттар, джинстер, спорттық костюмдер, жаңа мектеп блузкалары, аяқ киім және  бұл балаларға берілген киімдердің толық тізімі емес. Көптеген адамдар үшін киім, өзін-өзі көрсету тәсілі деп саналады, әсіресе жастар үшін  бұл өзекті мәселе. 

 "Сәби бакыты" ҚҚ –на , А. В. Шалапаевқа,  "Жер Билдинг"ЖШС   -не балалардың көңілінен шығатын киімдер сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз. Біздің балалар да үйде тәрбиеленетін балалардан қалыспай , сәнді де заманауи киінгісі келетіні сөзсіз.  Осы тұрғыдан келгенде  балалардың көңілінен шығып, оларға қуаныш сыйлаған қордың басшысы  Мамедова Акмарал Рамазановнаға ерекше рақмет жолдаймыз!  Сіздің әлеуметтік-қайырымдылық істеріңіз балалардың жүрегін жылытып, жарқын күнмен сізге оралсын! Сіздің отбасыңызға және осы керемет сыйлықты дайындауға көмектескен барлық мейірімді адамдардың отбасыларына  ешқандай проблемалар көлеңке түсірмесін.