Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Өзіңнен баста

Орталық тәрбиеленушілері Екібастұз қаласындағы  Достық үйінің Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Өзіңнен баста" тақырыбында онлайн - мейірімділік сабағына белсенді қатысты. Іс - шара "Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы" айлығы аясында өтті және Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналды. Сөз сөйлеген  спикерлер: Қонақбаева Зәуреш Сағидоллақызы-Достық үйінің директоры; Сағындықова Маруаш Жолтанқызы - Екібастұз қаласы Аналар кеңесінің төрайымы; Ильюшенкова Валентина Ивановна - "Полония"поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы, ; Синько Любовь Владимировна - "Світанок"украин этномәдени бірлестігінің төрайымы. 

Кездесу жеңіл еркін түрде  өтті және әрбір тәрбиеленуші осы дүниеде қандай орын алатыны, өзіне қатысты өзін-өзі сынаудың неге маңызды екендігі туралы ойлануына бағытталды. Аналар  кеңесінің төрайымы, "Ана ұлағаты" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Маруаш Сағындықова достықты сақтаудың, бір-біріне шыдамды болудың, тек игі істер жасауға тырысудың маңыздылығын атап өтті. Достық үйі- өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға  адамгершілік құндылық  тәрбие беру бағытындағы жұмысқа  орталықтың педагогикалық ұжымына әрдайым қолдау көрсететін біздің шынайы достарымыз. Аналар кеңесіне, Достық үйінің директоры З.С. Қонақбаевқа ізгіліктің танымдық адамгершілік сабағы үшін алғысымызды білдіреміз. Балалар  адамзат үшін   шынайылық маңызды екендігін түсініп, жалпы адамзаттық мәселелерді шешпес бұрын, өзіңнен  бастау  керек екендігін түсінді деп үміттенеміз.