Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Қамқоршылармен саяхат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай өткізіліп жатқан «Еңбек Отбасы Жайлылық» айлығы аясында «Шығыс» разрезінің ЦАТП участогы қызметкерлері, біздің қамқоршыларымыз жексенбі күні «Үміт» балалар үйінің «Сымбат» тобының 11 тәрбиеленушісі үшін Павлодар қаласына саяхат ұйымдастырды. ЦАТП участогы жұмысшылары Щербаченя Владимир Иванович, Бойко Дмитрий Петрович, Кыдырбеков Ерболат Мерханович, Тумамбаев Ринат Анатольевич, Жусупаев Арман Абильжамитович бірнеше жылдан бері «Сымбат» тобының қыздармен тәлімгерлік жұмыс жүргізіп келеді: табиғатқа шығу, бірлесіп кинотеатрға бару, паркте қыдыру, әнгіме сағаттарын өткізу т.с.с.

Осы демалыс күні де біздің топтың қыздары үшін ерекше өтті... Облыстың орталығымен танысу Г.Н. Потанин атындағы облыстық өлке тану музейінен басталды.Музейде балалар өздеріне қажетті көптеген танымдық сипаттағы ақпараттарды тыңдады.Мысалы , музей орналасқан ғимарат соғыс жылдарында госпиталь болған.Бүгінгі күні музейдің ғылыми кітапханасы және үш бөлімшесі бар: Д.П.Багаевтің музей –үйі, Майра Шамсутдинованың шығармашылығының музей үйі және Әскер даңқы музейі.Қыздар экскурсоводты бар ынтасымен тыңдап, ерте кездегі жануарлардың экспонатын, тарихи жәдігерлерді, еңбек құралдарын таңданыспен тамашалады. Музейдегі мамонттың, үлкен мүйізді бұғының склеттері, пайдалы қазбалардың үлгілері, алғашқы өркениет қезінде қолданылған заттар ерекше қызығушылық туғызды.Музейден кейін ересектер мен балалар А.П.Чехов атындағы драммалық театрдың алаңында қыдырып, өзен жағасына қарай кетті.Мұнда олар велосипед теуіп, субұрқақтың жанында фотосессия өткізіп, жағажайдағы құмға Ринат Анатольевичпен бірге үлкен әріптермен «Үміт» сөзін жазды. «Арай» кафесінде түскі ас ішкен соң, балалар көптен күткен «Батыр Мол» сауда –ойын сауық орталығына келді.Батыр Молға кірген біздер – бұл нағыз жаңа деңгейдегі, заманауи көніл көтеретін орын екендігіне көзіміз жетті.Үлкен де жарық, әдемі безендірілген бөлімдер, келушілерге арналған жұмсақ дивандар, төбесі шыны әйнектер, көгідлір аспан көрінеді.Екінші қабатқа экскалатормен немесе ливтімен көтерілесің.Онда қызықты Viking Land орналасқан.Кіре берісте бізді қолына доп ұстаған үлкен айдаһар күтіп алды. Ойын –сауық орталығы викинг стилінде жабдықталған.Төбедегі шамдар жасанды тайпалардың тілі түрінде жасалған, қозғалғанда қызыл жалын секілді көрінеді.Ересек қыздар Молоте Тормен сырғанады, әсері –керемет!!! Кішкентай қыздар үшінші қабаттағы лабиринг, батуттарда ойнады.Әр түрлі аттракциондар балалардың көңілін көтеріп, оларға зор қуаныш сыйлады. Орталықтың алдындағы ашық су бұрқақтың жанында шағын көлде балықтар жүзіп жүр. Соңында біз Гринвич, Мұз айдыны, Батыр мол атты үш Алыпқа қайыра қарап тамашаладық.Осылайша бүгінгі күн өте тез және көңілді өтті.Қыздар үйге ерекше көңіл –күймен оралды,өз әсерлерімен балалармен бөлісті. Бұл қызықты саяхат балалардың есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.Осы саяхатты ұйымдастырған біздің қамқоршыларымыз «Восточный» разрезінің ЦАТП участогының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.Біздің ұмытылмастай саяхат жасауымызға, демалыс күнін ерекше өткізуімізге мүмкіндік туғызған Кыдырбеков Ерболат Мерханович, Тумабаев Ринат Анатольевич, Салменова Алия Куанышбековнаға ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Біздің шофер Даулет Иватовичқа да көп рақмет! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.Рақмет , сіздерге! Біз сіздерді жақсы көреміз және бағалаймыз!!!