Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Екібастұз қаласындағы Жастар үйінде өткен Облыстық семинар

2016жылғы 28 қазанда Екібастұз қаласындағы КММ «Үміт» балалар үйіне қарасты Жастар үйі базасында «Екібастұз аумақтық өндірістік –индустралдық кешенді кәсіпорындармен байланыста болу – Жастар үйі түлектерін нәтижелі жұмысқа орналастырудың факторы» тақырыбында жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер басшыларына арналған семинар болып өтті. Семинар жұмысын облыстық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Е.Н.Дауенов бастап берді. Ерлан Нурланович өз сөзінде қаралып отырған мәселе, жастар үйі түлектерінің ойдағыдай сәтті әлеуметтік бейімделуі, өз аяқтарынан тұрып кету мәселесі өзекті болып тұрғандығы туралы атап өтті.

Семинардың пленарлық бөлімінде КММ «Үміт» балалар үйінің басшысы Н.А.Абдрахманованың баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында жастар үйі түлектерінің ойдағыдай жұмысқа орналасып кетуі және ары қарай мансабының өсуі әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болуына тікелей қатысты екендігін баса айтты. Балалар үйі көп жылдан бері қаламыздағы ірі кәсіпорындар «Богатырь Комир» ЖШС, «Восточный» разрезі АҚ ЕЭК, «Проммашкомплект» ЖШС –мен бірлесіп қызмет жасап келеді.Бұл кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеу бағытының басымдылығы, түлектерді өндірістік практикадан өткізу, жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жұмысы болып отыр. Түлектерді жұмысқа орналастыру жұмысын сапалы ұйымдастыру, тараптардың қолы қойылып бекітілген «Бірлесіп қызмет атқару туралы» меморандум шеңберінде жүзеге асырылады.Шақырылған қонақтар мен қалалық кәсіпорындар өкілдерімен өз ара тәжірибе алмасу бөлімі мазмұнды болды. «Богатырь Комир» ЖШС –нің қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы Т.Б. Карпец семинарға қатысушыларды балалар үйі түлектерін жұмысқа алудың негізгі стратегиясымен таныстырды.Жастар үйі түлектерінің өз бетінше өмір сүруге дайын болуына «Проммашкомплект» ЖШС –тің атқарып отырған рөлі туралы кадрлар бөлімінің аға инспекторы А.М.Ануарова әңгімелеп берді.
Сонымен қатар колледждің жұмыс беруші – кәсіпорындармен нәтижелі өз ара байланыста болу жүйесін құру қызметінің негізгі бағыттары да талқыланды. Бұл сұраққа Екібастұз тау –кен техникалық колледжінің педагог –психологі Т.М. Мухамеджанова жауап берді.Семинарға қатысушылар жас мамандар, жастар үйінің түлектері Е.Б.Джакай «Богатырь» ЖШС –газэлектр дәнекерлеуші, «Проммашкомплект» ЖШС доңғалақ цехы ауысымыны4 бастығы А.Г.Кузьминнің сөздерін ықыласпен тыңдады. Семинарға қатысушылар жастар үйінің түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін шешудегі әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп атқарылатын қызметке оң баға берді. Семинар соңында қатысушылар «Жастар» үгіт бригадасының өнерін тамашалады.