Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Пайдалы каникул

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс –шаралар шеңберінде және «Индустриалды  жаңашыл Қазақстан» айлығы жоспарын жүзеге асыру барысында «Восточный» разрезінің кәсіп одақ комитеті және Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Үміт» балалар үйінің ересек балаларын, өздеріне қамқоршы болып  отырған,   қаламыздағы ірі көмір өндіруші  кәсіпорынға апарды.

 Жол бастаушы міндетін атқарған, Жастар кеңесінің төрағасы  Е. Семёнов  балаларға разрездің  тарихы,  жетістіктерімен қатар  тау –кен жұмыстарын  толассыз жүргізетін технологиялар жайлы да әңгімелеп берді.Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтан өткен соң,  разрездің өндіріс алаңына экскурция жасады, көру алаңынан қөмірді қазу және аршу жұмыстарын қарады. Евгений разрезде өздерінің Қазақстан Республикасының болашағы  үшін, қоғам алдында әлеуметтік және адамгершілік жауапкершілігін сезінетін,  көптеген жас мамандардың жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл жастар ұлттық «Мәңгілік ел» және дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға «100 қадам» идеясын жүзеге асыруға бар күштерін жұмсауда. «Восточный» разрезіне жасаған  таныстыру экскурциясы балаларға кәсіби бағыт –бағдар беру, олардың мамандық таңдауына қолдау көрсету, болашақ кәсібін таңдауға, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу  жұмыстарына  көп септігін тигізері сөзсіз.