Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ
Баланың бөтендігі жоқ
- 25.10.2021
Ана атану – ерлік . Ал асырап алған балаларды тәрбиелеу – бұл үлкен ерлік, батылдық. Бүгін мен Дереберялар отбасы туралы айтпақшымын. Андрей мен Марина көп балалы отбасы болуды армандайтын. Өздері керемет екі бүлдіршінді тәрбиелеп отыр. 2020 жылы Маринаның жиендері Богдан мен Полина жетім қалды.
Жанұя деген жылы сөз!
- 08.10.2021
Бүгін Ахметова Жанель үшін өте бақытты күн. Бүгіннен бастап Жанель Нұр-сұлтан қаласында патронат отбасында жаңа, бақытты өмір бастайды. Жанельдің туыстарымен кездесуі қаншалықты жылы да әсерлі болғанына қарап , баланың өз отбасында болуы, сүйіспеншілік пен рухани жылулықты сезіну және енді бәрі жақсы болатынына сенімді болу қаншалықты маңызды екеніне тағы бір рет көз жеткіздік.
Отбасы – басты құндылық
- 04.12.2020
Жетімдік - жаңадан пайда болған әлеуметтік құбылыс емес: ол адамзат тарихының барлық кезеңінде болып келген. Сондықтан да балаларды мемлекеттік мекемеден отбасына орналастыру мәселесі барлық елдер үшін де өзекті. Жетім балаларды отбасына орналастыру бүгінгі күні біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бір бөлігі.
Кандидаттарға технологиялық көмек
- 05.03.2020
Біз ғажайып кезеңде өмір сүріп жатырмыз! Қазіргі заман – бұл технологиялық кеңістік.Технология біздің өміріміздің әр бір саласына әсер етуде, өмірімізді жеңілдетеді, уақытымызды үнемдейді. Ал соңғы кезде компьютерлік технология балалардың құқығын қорғау соның ішінде олардың отбасында тұрып , тәрбиелену бойынша заңды құқығын қорғау мәселесінде маңызды орын алып отыр.
Отбасы – бұл бақыт
- 24.02.2020
Жаңа жыл басталды. Көбісі жаңа жылда жаңаша өмір сүруді қалайды. Біреулер салауатты өмір салтын ұстанғысы келеді, біреулері тіл үйренгісі келсе, енді бірі гитарада ойнап үйренгісі келеді деген секілді... Айта берсе көп! Бірақ та өзі үшін және өзінің отбасы үшін маңызды мәселе болып келетін ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алып, бір баланы болса да бақыттырақ болдырып, оның отбасында тәрбиеленіп, дамуына, ержетіп, отбасы жылулығын сезінуге мүмкіндік туғызуға шешім қабылдайтын жандар да бар.