Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Отбасы – басты құндылық

    Жетімдік  - жаңадан пайда болған әлеуметтік құбылыс емес: ол адамзат тарихының барлық кезеңінде  болып келген. Сондықтан да балаларды  мемлекеттік мекемеден отбасына орналастыру  мәселесі барлық елдер үшін де өзекті. Жетім балаларды отбасына орналастыру бүгінгі  күні біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының  негізгі бір бөлігі. Алмастырушы отбасы – биологиялық  отбасымен  байланысын  жоғалтқан баланы орналастырудың бір түрі, ол   өмір  мен тәрбиенің нақтылы  жағдайларына жақын, оның  жеке дамуы мен әлеуметтенуі, отбасылық өмір тәжірибесін алу үшін қолайлы жағдайларды  қамтамасыз етеді. Ата-анасымен бірге бір шаңырақ астында тұратын бүгінгі «жетім бала» көбінесе қалыпты, гүлденген отбасының не екенін білмейді, әлеуметтенудің алғашқы  кезеңінде қажетті моральдық, әлеуметтік және мәдени білімдерден айырылады. 

Бала үшін отбасында «әке» немесе «ана» деп атауға болатын  ересек адамның  болуы маңызды. Бала мен ата-ана қарым-қатынасы, тіпті туыстық болмаса да, балаға өзінің құндылығы мен бірегейлігіне сенімділік береді. Бұл  жағдайда  ата-аналар да бірдей құндылық пен бірегейлікке ие болады. Отбасылық рөлдер, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңыздылығы және тағы басқалар туралы идеялар тек нақты отбасылық өмірде қалыптасады. Осыған байланысты мемлекеттік мекеме  алмастырушы отбасының кез-келген формасын жүзеге асыра алады. 

     Баланың отбасында өмір сүріп, тәрбие алу құқығымен қамтамасыз ету «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»  КММ –сі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Бүгінгі күні Орталықта тұрып жатқан 45 тәрбиеленушінің 36 - сы отбасына орналастыруға жататын балалар. Орталықтың мамандары балаларды туған отбасына қайтару немесе алмастырушы отбасына орналастыруға бағытталған жұмысты  жүйелі түрде жүргізеді. 2020 жылдың  01.01 күнгі мәлімет бойынша жүргізілген  жұмыс нәтижесінде   46 тәрбиеленуші отбасылы болды. Ата-аналық дәрменсіздік деңгейінің төмендеуін, олардың өз балаларына немқұрайлы қарайтындығын  атап өткен жөн. Отбасына орналастырылған  46  тәрбиеленушінің  38 –і  ата –аналық құқығын қайтарып алған соң немесе  сот тәртібімен шектеудің күшін жоюы арқылы  туған отбасына қайтарылды, 1- уі патронат отбасына , 7-уі қамқоршы отбасына  берілді. Әрине мұндай нәтижелер бізді қуантады, бірақ біз бұл жетістікпен шектеліп қалмаймыз.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, біз жұмыстың жаңа түрлерін іздестіреміз, білімімізді толықтырамыз,бір сөзбен айтқанда біз тәрбиеленушілердің көбірек отбасылық бақытқа ие болуына қолымыздан келген көмектің барлығын жасаймыз. 

    Жыл сайын қалалық газеттерде  азаматтардың назарын әлеуметтік жетімдік мәселесіне аудару  мақсатында Орталықтың тәрбиеленушілерін отбасына орналастыру түрлері туралы баяндайтын материалдар жариялап тұрамыз. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Республикалық деректер банкі жұмыс істейді, онда 36 тәрбиеленушінің  сауалнамасы  орналастырылған.  2020 жылдың   айынан  бастап  Орталықта «Асырап алушы ата –аналар мектебі» өз жұмысын бастады. Алмастырушы ата –ана кандидаттарына арналған сабақтарды  Орталықтың керемет педагогтары, әлеуметтік педагог А.А.Родионова және педагог –психолог А.Р.Кудушева жүргізеді. Олар  2020 жылдың жазында арнайы курстан өтіп, кандидаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды. Бұл мектеп бағдарламасы 42 академиялық сағатқа, 14 сабақ,әр сабақ  3 сағат өтетіндей есептеліп жасалған. Сабақ мемлекеттік тілде  және орыс тілінде өткізіледі. Оқыту барысында лекция, практикалық сабақтармен қатар алмастырушы отабасында кездесетін  күрделі жағдайлары ойнатылып, пысықталады, олардың себептері мен ықтимал шешу тәсілдері талқыланады, практикалық жаттығулар орындалады. Оқу қорытындысы бойынша кандидатқа даярлықтан өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. Мектептің алғашқы 13 түлегі 2020 жылдың қараша айында сертификат алды. Желтоқсан айында  2- топта оқитын 12 кандидат та сертификат алады.

      Орталықта "Біз біргеміз" отбасына орналастыруға көмектесетін,   қабылдаушы отбасын  сүйемелдеу қызметі жұмыс істейді. Қызмет шеңберінде азаматтарға  тәрбиеленушіні отбасына орналастыу бойынша және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау бойынша  консультация  беріледі,  тәрбиеленушілерді отбасына  тәрбиелеуге беруге психологиялық-педагогикалық даярлау жүзеге асырылады, қабылдаушы отбасыларға консультациялық, заңдық, психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсетіледі, отбасына тәрбиелеуге берілген баладан бас тартудың алдын алуға, отбасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға және отбасын нығайтуға бағытталған жұмыс жүргізіледі.  Барлық балалар үшін ең маңызды мереке – Жаңа жыл қарсаңында біздің әрбір тәрбиеленушіміздің өмірінде ғажайып орын алуын, әр бір баланың  жаңа жылда отбасылы болып, "ана", "әке"деп айта алатын үлкендерді табуын тілейміз!  Олар жақын, туыс  адамдар немесе туыс емес  жақын  болғысы  келетін адамдар бола ма,ол  маңызды емес!  Жаңа жылда барлықтарыңызға   бақыт тілей отыра    ғажайыптарға  тап болуларыңызды қалаймыз !