Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Балаларға бірге көмектесейік

Мейірімділік, аяушылық білдіру, біреудің қайғысына ортақтасу, қөмек қолын созу секілді қасиеттер Қазақстанның халқына тән қасиеттер екендігін бізге мемлекетіміздің тарихынан белгілі. Жақсылық жасай отыра адамдар осы әрекеттерінің қалай аталатындығы туралы ойламайтын. Қазіргі күні бұл әрекетті қайырымдылық деп атап жүрміз. Расында да қамқорлықты қажет ететін жанға дер кезінде қолдау көрсету – бұл қайырымды іс. Ал, бүгінгі күні біздің еліміз жастарға үміт артып отырған заманда, жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, қамқор болудан маңызды да қасиетті іс болып табылады. Біздің қаламызда мұндай көмекті көрсетіп жүрген адамдар баршылық және де ұжым болып біздің достарымызға айналған, нағыз ата- аналық қамқорлық көрсетіп жүрген мекемелер де баршылық. Олар әрине , бірінші кезекте «Восточный» разрезі, «Халық банк» -нің ұжымы.Біздің оларға , жалпы ұжым мүшелеріне деген алғысымыз шексіз.Сонымен қатар балаларды киім –кешек, аяқ киіммен қамтамасыз етіп отыратын жеке кәсіпкерлер мен кәсіп орындар аз да болса бар. Олар біздің балалардың өздеріне қамқорлық жасап, олардың қамын ойлайтын адамдар бар екендігін түсінсе екен деп ойлайтын, бала өміріне бей –жай қарамайтын адамдар.
Қазіргі уақытта «Үміт» балалар үйі ММ- де 7 жастан 17 жас аралығындағы 46 бала тұрып жатыр.Балалар үйі тарапынан балалардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау үшін барлық қажетті жұмыстар атқарылып отыр. Олардың барлығы да мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекке қойылған, әр қайсысына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ –нан депозиттік есеп шот ашылған. 20 тәрбиеленушіге асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған, 14 бала жетім бала ретінде жәрдемақы алады, 6 бала асыраушысының біреуінен айырылуы бойынша жәрдемақы алады. Сонымен қатар қалған 26 тәрбиеленуші еш қандай да әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер алмайды, олардың есепшоттары бос тұр. Дәл осы балалар ересек өмірге қадам басқан кезде әлсіз болатыны, оларға қоғамға әлеуметтену қиын соғатыны, жеке өмірін реттеуде қиыншылыққа тап болатыны белгілі жағдай. Бұл балалардың есеп шоттары ата –аналарынан өндірілетін алимент есебінен толықтырылуы керек болатын. Өкінішке орай бұл, бақытсыз ата –аналар өз балалары үшін еш уайымдамайды. Ал балалар болса 10 жасынан бастап өз болашақтары үшін алаңдай бастайды. Олар болашақта қалай өмір сүретіндігі туралы, өз бетінше өмір сүрген кезде кімдер қолдау көрсететіндігі туралы абыржи сұрап жатады.
Құрметті Екібастұз қаласы тұрғындары және кәсіпорын мекеме басшылары, орта және шағын бизнес өкілдері ! Өскелең ұрпаққа қамқор болу, соның ішінде ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болу – барлығымыздың ортақ мақсатымыз. Іскер , кәсіпқой адамдар әр уақытты да тек қана материалдық табысты қана қөздемеген, өздерінің жақсы істерімен өз қаласының, туған жерінің тарихында із қалдыруға ұмтылатын болған.
Сіздіңжәне сіздің ұжымыңызға біздің балалардың тағдырына өз үлесіңізді қосуыңызды, оларға қолдау көрсетіп «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ –дағы есеп шоттарына қаржы аударып қайырымдылық көрсетулеріңізді сұраймыз. Сіздің қамқорлығыңыз, мейірімділігіңіз біздің балалардың жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз. Бұл олардың ата –аналық қамқорлық пен жылылықтың орынын толтырады, өздерінің болашағы үшінгі қамқорлықты сезінеді, қиыншылық туындаған жағдайда осы қаржыны жұмсау мүмкіндігі барын білетін болады. Қайырымдылық – бұл қайыр сұрау емес, қолдау көрсету, балалар үйінің қабырғасынан шыққан балаларға уақытша қиындықтарды жеңуге мүмкіндік туғызу, күш беріп, қолдау көрсету. Сіздердің бауырымалдық, алаңдаушылық қасиеттеріңіз біздің балаларға үлгі болады. Жақсы іс еш қашан елеусіз қалмайды – олар шамшырақ секілді, көмек қажет ететіндердің алдынан шығады. Өзінің жан жылулығын балалармен бөлісу, олардың көзіндегі жігерді, меірімділікті, сенімді көру – сауапты іс. Сіздердің қайырымдылық көрсетіп,біреудің қайғысына ортақтасып, әр қашан көмек көрсете алатындарыңызға сенеміз.
Сізге және сіздің ұжымыңызға «Үміт» балалар үйі әкімшілігі үлкен құрмет пен зор алғысын білдіреді. Балалардың жеке есеп шотына спонсорлық қаражатт аудару реті туралы толық ақпаратты 75-60-51телефонына хабарласып білуге болады.