Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Отбасы – бұл бақыт

Жаңа жыл басталды. Көбісі жаңа жылда жаңаша өмір сүруді қалайды. Біреулер салауатты өмір салтын ұстанғысы келеді, біреулері  тіл үйренгісі келсе, енді бірі гитарада ойнап үйренгісі келеді деген секілді...  Айта берсе көп!  Бірақ та өзі үшін  және өзінің отбасы үшін маңызды мәселе болып келетін  ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алып, бір баланы болса да бақыттырақ болдырып, оның  отбасында тәрбиеленіп, дамуына, ержетіп, отбасы жылулығын сезінуге мүмкіндік туғызуға шешім  қабылдайтын жандар да бар.

Өкінішке орай, азаматтардың көбісі  отбасына орналастырудың түрлі нысандарын    ажырата  алмай жатады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алу , қамқоршылыққа алудан бөлек пайдалы және қажетті болудың басқа да мүмкіндіктері барын көбісі біле бермейді.
Балаларды орналастырудың ең басым нысаны бала асырап алу болып саналады. Асырап алу сот шешімі арқылы жүзеге асырылады. Содан кейін бала мен асырап алушы арасында, туған  отбасындағыдай ата –анасы мен баласы арасындағы  құқықтар мен міндеттер  туындайды. Ата –аналар баланың  тегін, аты –жөнін , туған  күнін өзгерте алады, бала туылған кездегі берілетін жәрдемақыны ала алады, бала күтімі бойынша демалысқа шыға алады. Балаларды асырап алуға қатысты заңмен қорғалған «бала асырап алу құпиясы» бар, яғни, құпияны сақтау немесе балаға асырап алғандығы туралы айтуды ата –аналар өздері шешеді.  
Қорғаншылық (14 жасқа дейін) және қамқоршылық (14 жастан 18 жасқа дейін) ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалады. Қорғаншы баланың заңды өкілі болады және оны асырау үшін ай сайынғы жәрдемақысын алады, оның мүлкінің сақталуы мен пайдаланылуын бақылайды. Бала  өзінің тегі, аты, әкесінің атында қалады , тұрғын үй алу,  әлеуметтік жеңілдіктерді алу құқығы  сақталады. Қорғаншы органдар баланы асырап – бағу, тәрбие және білім беру жағдайларын бақылайды. Бұл нысан  балаларды тәрбиелеуді әжелері, аталары немесе басқа туыстары алатын отбасылар үшін қолайлы.
Егер сіз баланы туыстық және мүліктік құқықтарсыз тәрбиелеуді неғұрлым қолайлы деп санасаңыз, онда бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Бұл жағдайда баламен қарым – қатынас  қорғаншылық және  қамқоршылық  органдармен  жасалған келісім арқылы реттеледі, және патронат белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Бұл ретте сіз баланы өз есебінен асырауға міндеттісіз, сонымен қатар сізге жалақы төленетін болады.      Балаларды патронаттық тәрбиелеу көптеген жұптар мен отбасыларға қолайлы. Патронат балаға жылы отбасылық атмосферада тәрбиеленуге, ал патронат тәрбиешілерге балаға қамқорлық жасауға және оның бойына  ең  жақсы адами қасиеттерді сіңіруге  мүмкіндік береді. Патронаттық тәрбиеге балаларды  көбінесе  балалы  бола  алмаған жұптар немесе балалары ер жетіп, өз бетінше өмір сүріп жатқан жұптар  алады.  Патронаттық тәрбие  - бұл сондай –ақ  балаға қолайлы отбасылық жағдайда өсуге көмектесіп, өзінің әлеуметтік борышын орындауға  беріліп отырған мүмкіндік. Патронаттың басты артықшылығы бала отбасы жағдайында  толыққанды күтім, қамқорлық пен назарда болады,  отбасында болып тәжірибе алады, өз бетінше өмір сүру дағдыларын үйренеді.  
Бұл нысанның негізгі мақсаты-баланы әлеуметтендіру, отбасында өмір сүру тәжірибесін жинату.
Баланы қабылдайтын отбасы баланы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарттың негізінде қорғаншылық органы мен асырап алушы ата-аналар арасында балаларды орналастыруды білдіреді. Ерлі-зайыптылар, сондай-ақ баланы немесе балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген жекелеген азаматтар асырап алушы ата-аналар бола алады. Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдар сол бір баланың қатар  асырап алушы ата-анасы бола алмайды. Ата-аналар баланы асырауға жәрдемақы және отбасы үшін жеңілдіктер алады. Асырап алушы отбасына берілген бала өзіне тиесілі алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды; тұрғын үй-жай болмаған кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жай беруге құқығы бар. Балаларды асырап алушы отбасына орналастыру асырап алушы ата-аналар мен асырап алушы балалар арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық қатынастардың туындауына әкеп соқпайды. Қорғаншы органдар баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларына, сондай-ақ қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
Қонаққа қабылдайтын отбасы – бұл нысан бойынша  балалар демалыс, мереке күндерін осындай тілек білдірген отбасыларда өткізе алады. Бала қорғаншылық органның және мекеме басшысының рұқсаты бойынша шартта  келісілген мерзімде қонаққа қабылдайтын отбасына бара алады.  Қонақ қабылдаушы отбасы бірден бірнеше баланы қабылдауына болады. Қонақ ретінде тәрбиелеу кезінде баланы күтіп-бағуға ақшалай төлем және баланы қабылдаған адамның еңбегіне ақы төлеу жүргізілмейді. Жалпы қонаққа қабылдайтын отбасы нысаны балаларға да үйінде қонақ қабылдаған адамдар  үшін де ыңғайлы. Балалар сол үйдің адамдарымен бірдей тұрмыстық істерге араласады,сатып алуға барады, бірге демалады. Сонымен қатар, қабылдаушы отбасында қонақ баланы байқауға мүмкіндік болады. Болашақта "өз" баласындай көріп, мүмкін асырап алғысы да келіп қалар, кім білсін...
Отбасы-бұл бақыт, махаббат және жылу. Сіздерге жаңа жылда "өз балаңызды" көруді тілейміз. Бала бақыты үшін бір қадам жасаңыз. Біздің баланы отбасына орналастыру Қызметі сіздерге кеңес беріп, қолдау көрсетуге әрдайым дайын .Байланысу: «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ, К.Сатпаев бульвар 6, тел, факс: 87187  756051.