Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Жақсы көңіл – күй әлеміне

Осындай атаумен демалыстың соңғы күні орталықта орта жастағы балалармен тренинг өткізілді. Сөздің көмегімен өз сезімін, тілегін білдіре алатындығы барлығына белгілі, сонымен қатар тек сөзбен ғана емес өзінің қарым – қатынасы ,сырт бейнесімен де адамды ренжітіп алуға болатынын естен шығармау керек. Бұл тақырып өзекті, себебі жақсы көңіл-күй жақсы оқудың, нәтижелі жұмыстың, топтағы өзара түсіністіктің кепілі. Көңіл - күйді көтеру үшін адамға көп ештеме де қажет емес: жақсы сөздер айту, оны көтермелеп, күлімдесе де жетіп жатыр. Мұны балалар қарапайым әдістер арқылы үйренді. Сол күні топтық жиналыстар өтті. Балалар өткен демалыс туралы қызығушылықпен еске алып, әңгімелесті, ең ұнаған және есте қалған іс-шараны атау қиынға соқты, өйткені олар көп болды және барлығы өзінше қызықты болды. Қысқы демалыс, қатаң карантиндік шараларға қарамастан, көзді ашып – жұмғанша тез өте шықты.Енді міне қайтадан мектепке баратын кез де келді. Бірақ бұл он күн қызықты және әр түрлі іс –шаралармен есте қалып, толық күш – қуат жинап, жақсы көңіл –күймен мектепке оралуға әсерін тигізді.