Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс
8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74
Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ
Тәрбиешіге жадынама "Балаға қашықтан оқуға қалай көмектесуге болады?»
- Толығырақ
- Жарияланды 24.02.2021 03:18
1.Тәрбиеленушімен күн тәртібін талқылаңыз, ыңғайлы орынды және қашықтықтан оқыту үшін жұмыс құрылғысын анықтаңыз.
2.Тәрбиеленушіні сабақ оқу барысында міндетті түрде қолдаңыз: оның онлайн-сабақтарының, тапсырмаларының кестесінен хабардар болыңыз, мұғаліммен тығыз байланыста болыңыз.
3.Жүктемеге назар аударыңыз: компьютермен (кез-келген басқа құрылғымен) жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтаңыз, сонымен қатар дұрыс жарықтандыруға, баланың дұрыс отыруына , баланың көзінен құрылғы экранына дейінгі қашықтыққа назар аударыңыз.
4.Белсенді ойындармен, жаттығулармен сабақ оқуды реттеп, тәрбиеленушінің режимін бақылаңыз.
5.Балаларға үнемі қолдау көрсетіңіз, оларды кез-келген сәттілігі үшін тіпті кішкентай болса да жетістігі үшін мадақтаңыз !
6.Қашықтықтан сабақ оқу жағдайында тәрбиеленушілерге сіздің көмегіңіз бен қолдауыңыз аса қажет. Тек мұғалім мен Сіздің ынтымақтастығы жағдайында ғана балалардың оқу нәтижелері жоғары болады.