Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Кружок «Ғажайып қазақ тілі»

Қазақ  тілінде   ауызекі сөйлеуді  дамыту үшін балаларды қолдау орталығында "Ғажайып қазақ тілі"үйірмесі жүргізіледі. Үйірменің мақсаты өзге ұлт балаларының қазақ тілін үйренуіне жағдай жасау болып табылады. Оның мазмұны ұлттық мәдениет  материалдарына, әдет –ғұрыптар мен дәстүрлерге негізделген, бұл кәмелетке толмағандардың патриоттық сезімдерін   дамытуға ықпал етеді және келесі бөлімдерді қамтиды: "Отбасы және достарым", "Мектеп өмірі", "Бос уақыт", "Сиқырлы сандар", "Ауа райы", "Менің отаным", "Азык – түлік", "Жан-жануарлар", "Жыл мезгілдері", " Киім кешек». Сабақтарда оқу материалдарын  ойдағыдай меңгеру үшін компьютерлік бағдарламалар, электрондық оқулықтар қолданылады, оқытудың ұжымдық тәсілінің технологиясы пайдаланылады. Тілдік материалды іріктеу оның коммуникативтік құндылығына, маңыздылығына, осы жастағы балалардың өмірлік тәжірибесіне және олардың қазақ тіліндегі лексикалық қорына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылды. Қазақ тілі сабақтарында балалардың іс-әрекеттері мен жұмысы  әр  түрлі жаттығулар мен  тест тапсырмаларын  қолдану арқылы жүзеге асырылады, түрлі танымдық ойындар өткізіледі. Ал бүкіл оқу процесі ортақ мақсатқа  біріктірілген: баланың мемлекеттік тілде сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақтардан басқа қазақ тілін білуге арналған тестілеу мен конкурстар өткізіледі. Тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі сауалнама, тест,  шығармалар мен диктанттар арқылы тексеріледі. Үйірме аптасына 1 рет өткізіледі.