Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

«Алтын сақа» үйірмесі

Міне, осымен төртінші жыл қатарынан орталықта қазақтың ұлттық асық ойыны бойынша "Алтын сақа"үйірмесі жұмыс істеп келеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Туған жерге, оның мәдениетіне, дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына ерекше көзқарас қажеттігі туралы айтылады, бұл патриотизмнің маңызды ерекшелігі. Сондықтан біз жас ұрпақ арасында қазақтың ұлттық асық ойынын насихаттауды мақсат етіп қойдық. Асық ойыны балалардын достығы мен ұйымшылдығын нығайтады, сонымен қатар ол қарапайым әрі қолжетімді. Бұл ойын-біздің ұлттық дәстүрлеріміздің бір бөлігі, ұрпақтар сабақтастығы. Асық атуды ата-бабаларымыз ойнаған. "Алтын сақа "спорт үйірмесінің мақсаты-асық ойынын жандандыру. "Алтын сақа" үйірмесінде тәрбиеленушілерге арналған асық ойыны бойынша ең танымал ойындар ұсынылған. Асықтарды қолына ұстап көргендер  олармен ойнау  өте  жеңіл екендігін біледі. Бұл  спорттық ойын түріне жатады. Үйірме мүшелерінің арасында ұлдар көп, "Асық ату "ойыны"  ұлдар арасында танымал ойын. 2018 жылы орталықтың тәрбиеленушісі , үйірме мүшесі Ильдебаева Баянсұлу Павлодар қаласында өткен интернаттық мекемелер арасындағы турнирде бірінші орын алды. Биылғы оқу жылында үйірмеге жазылғысы келетіндер саны артты .Ойынның кейбір ережелерін сәл ғана жетілдіру керек, басқа да тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттыру  үшін жарыса отырып , Асық ату бойынша спорттық іс-шараларды жиі өткізу керек. Үйірме мүшелеріне сәттілік тілеймін " Асығың алшысынан түссін!»