Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Қорытынды шығарды

Бір ай бойы балалар "Шаңырақ" жобасымен жұмыс істеді, осы тақырып бойынша әңгімелер, презентациялар өткізді. Барлық іс-шаралардың мақсаты-мәдени құндылықтарға ұқыппен  қарауға, қазақ халқын құрметтеуге тәрбиелеу, халықтың салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылықты дамыту, эстетикалық талғамды  қалыптастыру. Наурыз мерекесі қарсаңында "Кең даланың символы - киіз үй"байқауы жарияланды.  Әр бір отбасында  киіз үй жасау бойынша  шығармашылық  топтар құрылды. Балалардың барлығы өз киіз үйлерін жасауға кірісті, біреулері  жеке жұмыс жасады, ал кейбірі   шағын топ болып  жұмыс атқарды. 2021ж.23.03. күні балалардың өзін –өзі басқару бойынша шығармашылық топ киіз үй жасау бойынша    «Кең даланың символы - киіз үй» байқауын қорытындылады. Сондай –ақ баланың әртүрлі байқауларға не үшін қатысатындығы туралы сөйлескенде, біз табысқа жетуге ұмытылу, өзін-өзі тануға жағдай  жасау секілді  себептерді   атаймыз, яғни әр балаға байқауға  қатысу немесе қатыспау туралы шешім қабылдауды ұсынамыз.  Бұл  жағдайда байқауға 26 бала қатысты. Қазылар алқасы өте қатал болды. Олар сапасын, эстетикалық талғамын, пайдаланған  материалдарын, шығармашылық көзқарасын бағалады. Сонымен қатар  ұқыпсыз жасалынған  кейбір  жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмеді.  Байқау  қорытындысы бойынша «Сымбат» тобының тәрбиеленушісі   Волкова Виктория  - бірінші орын , екінші орынды «Бірлік» тобының тәрбиеленушісі -   Пух Павел мен «Қарлығаштар» тобының тәрбиеленушісі 
Кутжанова Диляра өз ара бөлісті.  Үшінші орын  - Номировская Лолита мен  Дюсембаева Сабина. Жеңімпаздар шағын ақшалай сыйақымен марапатталды, демеушілердің бірі-отбасының бұрыннан келе жатқан досы Ахмолдина Гульнар , балалардың барлық   іс –шараларын  үнемі біліп отырады. Балалар, әрине, өте риза болды. Байқауға  қатысқан барлық балаларға алғыс айтамыз!  Гульнар, сізге қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет! Бүгінгі күнге дейін қазақ халқы өзінің ежелгі мәдениетін жеткізді, соның ішінде түркі халықтарының негізгі тұрғын үйі – киіз үйді сақтап қалды. Қазақтар киіз үйге қасиетті мүлік ретінде қарап  құрметтеді. Мұның бәрі жұмыс барысында біздің  тәрбиеленушілерге  түсіндірілді.