Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс
8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74
Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ
Суреттер аквариумы
- Толығырақ
- Жарияланды 14.11.2019 03:21
2019 ж. 14.11.күні орталықтың төменгі сынып тәрбиеленушілері «RT Media Group» компаниясы ұйымдастырған қызықты ойын –сауық шарасына қатысты. Суреттер аквариум – жоғары технологиялық,көріністік, интерактивтік аттракцион, ол тек балаларды ғана емес ересектерді де таң қалдырады.
Балалар өздері қалаған теңіз жануарлары бейнеленген үлгіні таңдап, өзінің қиялындағыдай бояйды. Сонан соң сканерден өткізген сурет бірнеше секунд ішінде экрандағы виртуалды теңізде пайда болады. Өз қолдарымен боялған балықтар балалардың көз алдында жанданып кетеді. Өздерінің сүйікті балықтары кенеттен жанданып «Суреттер аквариуымында» еркін жүзеге бастағанын көрген балалардың қуанышында шек болмады. Балалардың көңілін көтеріп, оларға шынайы қуаныш сыйлаған Шаймуратов Сержан Каиргельдиновичке зор алғыс білдіреміз.