Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Құттықтаймыз!

«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» Рамазанова Куралай Бірліковна 10 жылдан бері қызмет етеді. Осы жылдар ішінде ол мол тәжірибе жинады. Бүгінгі күні Куралай Бірліковна әр түрлі мінезді, әр түрлі дағды қалыптасқан , көңілді ,білімге құштар 10 қызды тәрбиелеп отыр. Топтағы қыздар ересек, студенттер колледжіде  оқиды, бірақ  Куралай Бірліковна  әр бір  тәрбиеленушінің жүрегінің  кілтін таба білді. Оның барлығымыз үшін орыны ерекше, жас мамандарға сенімді дос, жақсы тәлімгер бола біледі.  Куралай Бірліковна Орталықтың педагогикалық өміріне белсене араласады, өзінің негізгі жұмысымен қатар уәсіподақ комитетінің төрайымы міндетін қоса атқарады. Бірнеше жылдан бері   «Хочу научиться» үйірмесіне жетекшілік етіп, жүргізіп келеді. Балаларды қолдау орталығының ұжымы шын жүректен Рамазанова Куралай Бірлікованы  Павлодар облысының білім басқармасының «Мейірімді жүрек» номинациясы бойынша дипломмен  марапатталуымен құттықтаймыз және оған ары қарай  да жетістіктерге жете берумен қатар педагогикалық  қызметінде биік белестерге көтерілуіне тілектестігін білдіреміз! 

«Біз болашақ ұрпақпыз» сайысының қорытындысы

Павлодар қаласында Республикалық «Biz bolashaq urpaqpyz» сайысының  жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.   «Эссэ» жәе  «Вайн»  деп аталатын екі бағытта 137 жұмыс ұсынылды. «Өзің тұратын қалаға деген көзқарасың», «Құрдасыңа көмек», «Бүкіләлемдік ғаламтордағы қауіптен қалай сақтану керек» тақырыптары ұсынылды. Орталықтың тәрбиеленушілері осы  сайысқа белсене араласты. Сегіз тәрбиеленуші өздерінің жұмыстарын эссе, бейнебаяндарын қазылар алқасына жіберді. Қорытындысы бойынша «Сымбат» тобының тәрбиеленушісі Айжан Махажанова Гран-приді жеңіп алды. Марапаттауды ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы балалардың заңды құқығын қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жинау және зерттеу жұмыс тобының және  «NUR OTAN» партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау кеңесінің өкілдері өткізді.  Балалар сертификаттар мен естелік сыйлықтар алды.

День именинников

2019ж.12.06.  күні Орталықта көктемде туған балаларды туған күндерімен құттықтау мерекесі болып өтт. Туған күн иелері Мельник Дарияны , Афатеева Эльмираны, Гавриленко Каринаны, Панфилова Алинаны, Червинская Кристинаны , Поляков Рафхатты, Смирнов Александрды , Ермаков Михаилды, Голубов Александрды туған күнімен құттықтай отыра, оларға зор денсаулық, үлкенді –кішілі жеңістер, қуанышты күндер, жақсы көңіл –күй, жақсы достар және өмір жолында жетістіктерге жетуін тілейміз!  Туған күндерің құтты болсын балалар!!!

«Мейірімді сұлулық»

2019 ж. 12 маусымында «Мейірімді сұлулық» жобасын жүзеге асыру бойынша  1- кезеңді қорытындылады. Орталықтың 11 тәрбиеленушісі қасты көркемдеу, бояғышпен және хнамен бояу  курсын  табысты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.10 тәрбиеленуші "Бірінші деңгейдегі шугаринг" бағыты бойынша курстан өткендігі туралы сертификат алды. Біздің қыздарды  халыққа ақылы түрде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін алғашқы сертификаттарымен құттықтаймыз! Жарайсыңдар, қыздар!!!

DSC 4022

Үздіктерді құттықтадық!

2019ж.19.04. Орталықта оқу үлгерімі және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан тәрбиеленушілерді марапаттауға арналған салтанатты жиын болып өтті.Марапаттау кешіктірілгніменен өте жағымды оқиға болды. Біздің тоқсандық қорытынды бойынша стипендия тағайындайтын жақсы дәстүрімізді қолдап , түсінетін адам табылды. Ол Business Challenge Ltd" (Бизнес Челлендж LТД ) ЖШС директоры - Макарова Наталья Алексеевна. Сізге көп рақмет!

Біздің спортшыларды құттықтаймыз!

Павлодар қаласында ұйымдастырылған  XV Кіші олимпиада ойындары бағдарламасы бойынша төғызқұмалақтан бірінші орын иеленген біздің спортшыларымыз  Голубов Александрды, Горбатюк Сергейді, Краева Алёнаны, Афатеева Эльмираны жеңістерімен құттықтаймыз!

Футболшылар қуантты

Футбол командасы бізді өз жетістіктерімен үнемі қуантады. Бүгін  ERG –нің  25 жылдығына арналған мини-футболдан жолдастық турнир болып өтті. Сайысқа  жастар үйінің, Балаларды қолдау орталығының, №10 мектеп командасы қатысты. Біздің балалар бәрінен де үздік шығып, 1-орынды иеленді! Құттықтаймыз!

Қымбатты Нагима Атаевна! №5 «Непоседы» тобының тәрбиеленушілері Сізді лайықты марапатыңызбен құттықтайды

Мен дәл сізді «Қаламызға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттағанына аса қуаныштымын. Сіз бұл медалға лайықты жансыз. Сіз біздерге мейірімді, әділетті, қамқоршы, өте қайырымдысыз. Мен сізге еңбегіңізден табыс, зор денсаулық тілеймін. Топтағы барлық тәрбиеленушілердің атынан Сізге, еңбегіңіз үшін алғыс айтамын.Біз сізді жақсы көреміз!

Карина Сидыкова.

Нагима Атаевна ! мен сізді құрметті марапатыңызбен құттықтаймын! Шын көңіліммен сізге денсаулық тілеймін, ұзақ өмір сүріңіз.Жұмыс та да өміріңізде де барлығы жақсы болсын!

Гульмира Турсунгалиева

Мен сізді лайықты да маңызды марапатыңызбен құттықтаймын.Әр кез осындай ғажайып, мейірімді болып жүре беруіңізге тілектеспін.Мен сізді жақсы көремін.Біз сізді анамыз деп есептейміз.

Каталина Леонюк

Құрметті Нагима Атаевна! Мен сізді мақтан тұтамын, бәрін медалмен марапаттай бермейді ғой.сізді құттықтаймын, тек жетістіктерге жете беріңіз.

Анастасия Попова

Нагима Атаевна! Сізді жоғары марапатыңызбен құттықтайм. Сіз бұл марапатқа лайықтысыз. Сіз мейірімдісіз, үнемі дұрыс шешім қабылдай білесіз, әр қашан бізбен біргесіз. Мен сіз үшін шын жүректен қуаныштымын. Сіздің бар армандарыңыздың орындалуын тілеймін, ең бастысы мықты денсаулық тілеймін!

Ева Сыздыкова

Нагима Атаевнана құттықтаймыз

Біздің анамыз, Нагима Атаевнаны қалаға сіңірген еңбегі үшінгі медалімен құттықтаймын! Осындай марапаттарыңыз көп болсын! Сіздің арқаңызда біздің балалар үйі гүлденіп, өркендеуде. Шын жүрегіммен сізге денсаулық тілеймін, қартаймаңыз, осындай жас болып жүре беріңіз. Жүзіңізден күлкі кетпесін, сіздің күліп жүргеніңізді көргенде мен қуанамын. Сіздің арқаңызда біздің балалар үйі туралы жақсы пікірлер айтады. Сіз біз үшін барлығын жасап отырсыз. Біз барлығымыз сізді жақсы көреміз, анашым.

“Сымбат”тобының тәрбиеленушісі Ильдибаева Баянсулу