Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Кеншілер мерекесімен!

Тамыздың соңғы демалыс күні ең күрделі мамандық иелері өздерінің мерекесі – Кеншілер күнін атап өтеді. Екібастұз қаласындағы «Восточный» көмір разрезі биыл өздерінің 35 жылдығын атап өтеді. Көп жылдан бері біздің Орталық «Восточный» разрезімен достық қарым –қатынаста болып келеді. «Восточный» разрезі мен біздің үйдің арасында тығыз байланыс орнаған. Тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі бойынша жұмысты белсендіру, балаларды спортпен шұғылдануға, қоғамдық жұмысқа араластыру мақсатында Орталықта әр бір топ бойынша қамқоршылармен белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Қамқоршылар біздің балаларымызға шын жүректен, өз қалауымен көмектеседі.Әкімшілік, педагогикалық ұжым және балалардың атынан «Восточный» разрезінің директоры Гончаров Юрий Николаевичті, кәсіподақ комитетінің төрағасы Давиденко Василий Петровичті,жылу жүйесі учаскесінің бастығы Кив Вячеслав Александровичті, УВЖТ учаскесінің бастығы Кусов Василий Александровичті,УДР-2 Серикбаев Ауесхан Абеновичті, АСУТП учаскенің бастығы Кыдырбеков Нурболат Мерхановичті, УНОПСА Тумабаев РенатаАнатольевичті ,жастар кеңесінің төрағасы Бейсенбаев Тимурды және разрездің барлық қызметкерлерін құттықтаймыз! Кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында біздің достарымызға еңбегі , достығы, адалдығы мен тұрақтылығы үшін шынайы ризашылық сезімімізді жеткіземіз! Дендеріңіз сау және өте сақ болыңыздар, өйткені сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біздің үйлер жылы және жайлы болады. Сізге ең жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігі мен қолдауын, тіпті қашықтан да сезінуіңізді және осы жарқын сезімдер сізді алға жылжытып, күш –қуат беруін тілейміз! Біз сізді және сіздің еңбегіңізді шексіз құрметтейміз және мақтанамыз!