Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Қамқоршылар күнімен құттықтаймыз!

29 қазан күні қазақстанда қамқоршылар күнін атап өтеді. Бұл мереке қамқорлық пен махаббатты ,жылулықты қажет ететін бөтен баланы өз отбасына қабылдаған  адамдар мен отбасыларына алғыс айтуға арналған  елімізде соңғы кезде  тойланып жүрген мерекелердің бірі. 

Осы күні мерекелік іс –шара өткізу көптеген мекемелер үшін  дәстүрге  айналды. Бұл дәстүрден біздің ұйым да қалыс қалған жоқ.  Біздің отбасымыз үшін  - бұл расында да ерекше мереке, бір – біріне жүрекке  жылылық  ұялататын  жағымды  сөздер, жақсы көретіндіктерін  айтатын мерейлі бір мереке. Бүгін балалар  өздері   Анамыз деп атайтын, кеңпейіл қамқоршылары Абдрахманова  Нагима Атаевнаға көптеген тосынсыйлар дайындады. Таңертең  ерте олар  барлығы  аулада оны шуылдап қарсы  қалды, әр қайсысы жақындап, құшақтап, өздерінің жүрекжарды құттықтау сөздерін  жеткізгісі келді. Қамқоршылар күні – бұл мейірімді жүрек  күні. Бұл күн  мейірім мен махаббат, қамқорлық пен  көңіл аударуды қажет ететін адамдарға шын жүректен қуаныш сыйлайтын адамдардың күні. Орталықта бүгінгі күні 46 тәрбиеленуші тұрып жатыр.Нагима Атаевна күн сайын   солардың әр қайсысына көңіл аударып, уақыт бөледі. Біреулерін жекелей әңгімелесу үшін кабинетіне шақырса, келесі біреуін дәлізде тоқтатып, көңіл –күйін, жағдайын сұрастырады. Күн сайын, таңертең  мңндетті түрде топтардан бастап  қызметтік  кабинеттерге дейін айналып, қарап шығу ол кісінің дағдысына айналған. Қамқоршы болу – бұл үлкен өнер! Өмірге , ересектерге деген сенімі жоғалған баланың көңілінен шығу кез келген адамның қолынан келетін іс емес. Бүгінгі күні де біздің балалардың қамқоршысы , оларға қатысты көптеген мәселелерді  шешетіні сөзсіз! Қымбатты  Нагима Атаевна!  Сізді мерекеңізбен құттықтаймыз! Сізге бақытты өмір тілейміз, отбасыңыз аман болсын! Сіздің мерекеңіз, қамқоршылар күні құтты болсын!