Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Эмилияны құттықтаймыз!

2020ж. 22.10. күні барлығымыз жақсы көретін, сұлу қызымыз Эмилияның туған күнін атап өттік.Қыздар таңертеңнен бастап сыбырласып, тосын сый дайындауға кірісті, ересектер туған күн иесін әсемдеді, ұн иледі, сценарий құрастырды. Туған күн иесі сүйкімді де сабырлы қалпында құттықтауларды қабылдады, мерекелік дастарханға шақыру қағаздарын таратты. Туған күн иелерін құттықтау дәстүрі балаларға отбасының рухын, қажеттілігі мен маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді. Дәстүрлер баланың өз- өзіне деген сенімділігін арттырып оның үйлесімді дамуына ықпал етеді. Эмилия біздің отбасымызда екінші рет туған күнін атап өтіп отыр және осы күнді асыға күтіп жүрді. Біз ол өте риза болды деп ойлаймыз, оның барлық арман, тілектері орындалсын . Анасы оған торт пен тәттілер беріп жіберді, оған көптеген сыйлықтар сыйланды ! Сенің бақытты болуыңды тілейміз! Біз сені жақсы көреміз!