Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

«Біз болашақ ұрпақпыз» сайысының қорытындысы

Павлодар қаласында Республикалық «Biz bolashaq urpaqpyz» сайысының  жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.   «Эссэ» жәе  «Вайн»  деп аталатын екі бағытта 137 жұмыс ұсынылды. «Өзің тұратын қалаға деген көзқарасың», «Құрдасыңа көмек», «Бүкіләлемдік ғаламтордағы қауіптен қалай сақтану керек» тақырыптары ұсынылды. Орталықтың тәрбиеленушілері осы  сайысқа белсене араласты. Сегіз тәрбиеленуші өздерінің жұмыстарын эссе, бейнебаяндарын қазылар алқасына жіберді. Қорытындысы бойынша «Сымбат» тобының тәрбиеленушісі Айжан Махажанова Гран-приді жеңіп алды. Марапаттауды ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы балалардың заңды құқығын қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жинау және зерттеу жұмыс тобының және  «NUR OTAN» партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау кеңесінің өкілдері өткізді.  Балалар сертификаттар мен естелік сыйлықтар алды.