Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Менің тәрбиешім – жақсы адам

Мен біздің топта жұмыс істейтін адам туралы, менің тәрбиешім Надежда Ивановна туралы айтқым келеді. Надежда Ивановна маған туыс адам секілді , тіпті одан да жақын туған анамдай болып кетті.Сабаққа дайындалуыма, күнделікті өміріме көмектеседі.өзімді қалай ұстауға , болашақта қалай өмір сүру керектігіне үйретеді. Әдет , дағдыларды қалыптастыруға , адал да әділетті болуға баулиды.Ол әр кез менің айтқанымды зейін қойып тыңдайды және түсінеді. Ол маған ескерту жасап, ұрысса да мен оған еш қашан ренжімеймін. Мен әр кез мектепте жақсы бағалар алып , тағы да басқа тосын сыйлар жасап, оны қуантқым келіп тұрады. Ол жұмыста болған кезде, мен өзімді жақсы, ыңғайлы сезінемін, себебі кез –келген мәселені онымен бірлесіп шешуге болатынын білемін. Мен әр кез оған қолдау көрсетіп,көмектескім келіп тұрады. Мен Надежда Ивановнаның әр бір тапсырмасын тиянақты орындауға тырысамын, ол мен үшін ең қымбат адам, мені жақсы көретінін білемін.
Мен шын ниетіммен оған зор денсаулық , бақыт тілеймін! Ауырмай –сырқамай , ұзақ өмір сүрсе екен деп ойлаймын.Менің есімде жақсы тәрбиеші туралы жақсы естеліктер мәңгі сақталары сөзсіз. Мен Надежда Ивановнаны өте жақсы көремін!

Леонюк Каталина.

Үлкен жүректі ұстаз

Біздің «Мұрагер» тобының тәрбиешісі Нагима Темиргалиевна балалар үйінде 20 жылдан бері жұмыс істейді. Біздің топ үнемі бірінші орында келеміз, Нагима Темиргалиевна өзі де түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 2015 жылы , жыл мұғалімі атағын жеңіп алса, биылғы жылы мұғалімдер күні қарсаңында оған « Мейірімді жүрек» номинациясы берілді. Біз тәрбиешімізді мақтан тұтамыз.
«Егер мұғалім өз ісін жақсы көрсе, ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім оқушыны ата –анасындай жақсы көрсе, онда ол білімі мол , бірақ өз ісін де оқушыны да жақсы көрмейтін мұғалімнен артық болады. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға деген сүйіспеншілігін қатар алып жүрсе, онда ол – нағыз мұғалім» Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың осы сөздері біздің тәрбиешіміз Сагындыкова Нагима Темиргалиевнаға арнап айтылғандай.
Біз Нагима Темиргалиевнаны өзінің бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған мейірімді жан деп есептейміз. Ол жұмысқа берілген адам.Ондай педагогтарды «Үлкен жүректі ұстаз», нағыз мұғалім деп атайды.
Біздің тәрбиешіміз өздігімен өмір сүретін, ересек өмірге жас тәрбиеленушілердің бірнеше реткі түлектерін дайындап шығарды. Оның түлектері бүгінгі күні әр түрлі қызмет салаларында жемісті еңбек етіп жүр. Көптеген тәрбиеленушілер үшін Нагима Темиргалиевнаның үйреткен әлеуметтік – тұрмыстық дағдылары өмір жолын таңдауға нақтылы бағдар – бағыт берді деуге болады.
Біз Нагима Темиргалиевнаға зор денсаулық, бақыт және шығармашылық табыс тілейміз.
Біз өз тәрбиешімізді жақсы көреміз!

Ұстаздар қүнімен!

Мұғалімдер күні қарсаңында «Ұстаз деген – ізгі жан» атты ғажайып акция жарияланды. Мақсаты: педагогтардың, соның ішінде балалар үйінде қызмет жасайтын педагогтардың ауыртпалығы мен жауапкершілігі мол жұмысына қоғамның назарын аударту.Расында да, «педагог» деген атаққа көптеген міндеттер жүктеледі. Нағыз педагог – балалар оған жақын болуға ұмтылып тұратын, шебер тәрбиеші, жарқын тұлға, қызықты адам. Балалар үйіне келіп түсетін балалардың көбісі адамгершілік нормалары дұрыс сақталмаған қолайсыз отбасыларынан келетіні белгілі жағдай. Көбісінің тағдыры қиын жағдайға душар болғандар. Балалар үйінің балалары – бұл ерекше санаттағы балалар , ал балалар үйі тәрбиешілері – бұл ерекше маман, ерекше санаттағы педагогтар. Бала жанын жүрегімен сезінетін,биязы,өз ісін жан –жақты білетін, өмірлік және педагогикалық тәжірибесі мол тәрбиеші ғана баланың жан жарасын жаза алады. Балалар үйіндегі тәрбиешінің жұмысы тиянақты жекелеген жұмысты талап етеді, ол өзінің тәрбиеленушісіне әсер ету үшін әр бір баланың табиғатын, физиологиялық , психиологиялық дамуын жақсы білетін болуы керек.Балалар үйінің тәрбиешілері балаларды түсіне білетін, олардың ішкі дүниесін сезінетін, балалардың уайымға берілуін алдын алу үшін , өзінің әр бір ісін ойластырып жасайтын болуы керек. Тәрбиешілердің алдында тұрған күрделі де маңызды мақсат – баланың таным, біліміндегі олқылықтарды жоюға, адамдарға деген сенімділігін, мейірімділік пен сүйіспеншілікті қалпына келтіруге деген құлшынысын оятатындай қарым – қатынасты тудыру.Сонда ғана олар тәрбиешіні қорғаушым деп қабылдайды.
Мұғалімдер күні қарсаңында мен өзімнің сүйікті де қадірлі «Үміт» балалар үйі ұжымына, әріптестерім – интернат ұжымдары және балалар үйі басшыларына ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көрсетіп отырған қамқорлығы мен қолдауы , сүйіспеншілігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Балалардың сүйіспеншілігі оларға жылулық сыйласын, ал олардың берген білімі балалардың өмірде өз орынын табуына себебін тигізсін деп тілеймін! Мұғалімдер күні құтты болсын, менің қымбаттыларым!

«Үміт» балалар үйі КММ басшысы - Н.А. Абдрахманова

Мамандығыңыз сізге қуаныш сыйласын !

Қымбатты біздің тәрбиешілер ! Сіздерді , өздеріңіздің ерекше мерекелеріңіз Мұғалімдер күнімен құттықтаймын ! Үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін қызметтеріңіз үшін рақмет! Сіздер күн сайын балалар үйі тәрбиеленушілеріне өз қамқорлықтарыңыз бен мейірімдеріңізді , сүйіспеншіліктеріңізді сыйлап келесіздер. Балалар сіздерге бауыр басып кетті, олар үшін сіздер нағыз анасы іспеттісіздер. Сіздер оларды өздерін шығармашылық жағынан көрсете білуге тағы да басқа көптеген жақсы дағдыларды, болашақ өміріне қажетті болатын жақсы қасиеттерді қалыптастыруға үйреттіңіздер. Мен әлі күнге дейін біздің үйде ұйымдастырылатын мерекелерді, репетицияларды, сайыстарды еске алып отырамын. «Тан –шолпан» сайысы, олимпияда ойындары, президент шыршасы , лагерь және көптеген қонақтармен жүздесулер – менің есімде мәңгі сақталады. Күн сайын таңертең оянған кезде , Сіздерді, сүйікті де жақын адам тәрбиешілерді жанымыздан көретінбіз.Біздің болашақ өміріміз жарқын боларына сеніміміз мол болатын, міндетті түрде бақытты өмір сүретінімізге сенімді болдық,себебі сіздер үнемі жанымызда болып, ақыл –кеңестеріңізді аямадыңыздар.Біз сіздерге мектепте сабақтың қалай өткенін, не істегенімізді барлығын жарыса баяндайтынбыз. Біздің өмір жолымызда сіздердей адамдар жолыққанына ризамыз! Бүгінгі жарқын мереке, мұғалімдер күнінде өздеріңізге деген ыстық ықыласымды, алғысымды, өздеріңізді жақсы көретіндігімді білдіремін, қымбатты менің ұстаздарым, тәрбиешілерім! Өз мамандықтарыңыз , балаларға деген сүйіспеншіліктеріңіз, өмірге деген құштарлықтарыңыз сіздерге қуаныш пен бақыт сыйласын! Өздеріңізді күтіңіздер! Ал , отбасыларыңыз сіздерді барлық балалардың сүйікті анасы, Ұлы адам, ұстазы ретінде бағалап , құрметтейтін болсын!

Құрметпен Марина Кучкина – балалар үйінің түлегі

Сүйікті анама арнаймын

Анашым – біз бұл дүниедегі ең жақын, ең сүйікті адамды осылай атаймыз. «Ана» деген қысқа ғана жалғыз сөздің аясында аялы алақан, еркелету, қамқорлық, күш жігер мен төзімділік, зор мейірімділік пен сүйіспеншілік жатыр. Осы бір жанға жылы жалғыз сөзден соншама жылылық пен пен нәзіктікті сезінесің. Менің өмірімде балалар үйінің басшысы - Абдрахманова Нагима Атаевна, анамның орынына ана болды.
Мен мамандық таңдаған кезде де Нагима Атаевнаға, анама ұқсағым келді. Мен шын жүрегіммен ол кісінің маған көрсеткен жақсылығы, сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, қолдауы үшін өте ризамын.
2016 жылы қараша айында менің арманым болған пәтерге қол жеткізуіме де Нагима Атаевнаның зор көмегі тиген болатын. Қазіргі күні мен , өз жүрегімнің қалауы бойынша, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанада қызмет жасаймын. Мен – тәрбиешімін! Жұмысым өзіме қатты ұнайды! Мен өзім де балалар үйінде тәрбиеленгендіктен жаныма жақын, бұл жұмыстың қиыншылығы мен қызығын жақсы түсінемін. Өзім тағдырлас балаларға қолымнан келген бар жақсылықты жасағым келеді. Рас , кей кездері оларға қарап, өз тағдырым есіме түсіп, құлазитын кездер де болады. Мен оларға жүрегімнің қалауымен, бар мейірімім мен қамқорлығымды көрсетуге тырысамын.Колледжде және балалар үйіндегі тәрбиешілерім үйреткен әдіс – тәсілдерді қолданамын. Нагима Атаевна менің туған анамның орынын басты. Ол менің көз жасымды сүртіп, жұбатты, жан жылуын сыйлады.Қазір де қолдау көрсетіп отырады. Оның кабинетіне кірген кезде еркелетіп, құшақтап қал – жағдайымды сұрағанда ештеңені де жасырып қала алмаймын...
Бүгінгі тамаша күні, Мұғалімдер күні өзімнің анам – Нагима Атаевнаға , және Гуля Николаевнаға, Ирина Анатольевнаға, Мадина Армановнаға, Жанар тәтеге және барлық тәрбиешілерге, маған жасаған жақсылықтары үшін шын жүрегімнен алғысымды білдіремін! Барлықтарыңыздың өмірлеріңзге бақыт, ашық аспан, ақылды да қамқор тәрбиеленушілер, қызметтеріңізден шығармашылық табыс тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Смирнова Яна - жастар үйінің түлегі

Ізгі жан

Ол – өз бойына барлық жақсы қасиеттерді сіңірген, қажырлы , қайратты,  ақжарқын, кең пейілді,  айналасындағыларға қуаныш сыйлай білетін жан. Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйін 9 жылдан бері басқарып келе жатқан Абдрахманова Нагима Атаевна  — нағыз өз маманының шебері, білікті басшы. Тоғыз жыл – аз ба көп пе? Балалар үйі үшін – бұл жаңадан қалыптасу  кезеңі болса, басшы үшін – өмірінің бір бөлшегі.  Балалар оны өте жақсы көреді,  біздің анамыз  дейді. Нагима Атаевнаның ерекше қасиеті -  –  жаңалықты  шұғыл сезіне білетіні. Ең  үздік педагогикалық жетістіктер, әдістемелік жаңалықтардың барлығы, басшының бастамасымен немесе жетекшілігімен балалар үйінде басшылыққа алынып,  іс жүзінде жүзеге асырылып жатады. Қазіргі күні  балалар үйінің материалдық базасын нығайту оңай емес екендігі баршаға мәлім. Дәл осы мәселе бойынша  басшының іскерлігі, тапқырлығы ауадай қажет десе де болады. Нагима Атаевна қажымай –талмай барлық мүмкіндіктерді қарастырады, спонсорлармен тығыз байланыс орнатады, тұрғындардың қолдау көрсетуіне де қол жеткізе біледі. Нәтижесінде ақпараттық – әдістемелік орталық, компьютер сыныбы  жаңа техникамен толықтай жабдықталған. Әсем безендірілген, жайлы балаларға арналған бөлмелер,  акт залы, спорт зал, сенсор бөлмесі көңілге қуаныш сыйлайды. Басқалардан ерекшеленіп тұратын, қайсар мінезді, тамаша әйел! Өзінің зиялы, жоғары мәдениетті және қарапайымдылы арқасында , маңайына шығармашыл, ізденімпаз, бір –бірін жақсы түсінетін ортаны қалыптастыра алды. Көп  жылдық жемісті еңбегі үшін  Н.А. Абдрахманова көптеген грамота , дипломдармен және  Ы.Алтынсарин атындағы медалмен марапатталған. Әрине , ол мұнымен ғана шектелмейтініне сенеміз.Шын жүректен басшымызға жаңа жеңістер мен жетістіктер, еңбегінің бағалануын тілейміз. Мұғалімдер күні құтты болсын, қымбатты  Нагима Атаевна!

Тәрбиеші – ол ерекше жан!

Тәрбиеші … Балалар үйіндегі тәрбиешілерді ерекше жандар деуге болады. Ол жай ғана тәрбиеші емес, қиын кезде қолдау көрсететін, жетістіктеріне балалармен бірге қуана білетін, еркелетіп, құшақтайтын анасы. Балалар оны үлгі тұтады, өздерін түсінетін, көңілдерін көтеріп, қуаныш сыйлайтын адам деп біледі. Барлығын білетін, барлығын істей алатын дана деп есептейді,өздерін әділетсіздік пен зұлымдықтан қорғайтын қорғаушысындай сезінеді, адал адам деп біледі. Бұның барлығы тәрбиешіден жоғары кәсіби шеберлікті талап етеді. Ол үшін тәрбиеші үнемі ізденісте, шығармашыл, жаңалыққа ұмтылып жүретіп болуы керек. Балаларға пайдаңды тигізіп, оларға керек екендігіңді сездіру үшін өз –өзіңді дамытып, кәсіби тұрғыдан біліміңді жетілідіріп отыру керек.
Ең бастысы – біздің тәрбиешілер балаларды алаламай, әр түрлі мінездеріне , қылықтарына қарамай барлығын да жақсы көреді. Олар бала жанын тереңнен түсініп, әр баланың бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты дамытуға көмектесе біледі. «Үміт» балалар үйінде дәл осындай тәрбиешілер жұмыс істеп жатқандығы қуантады.
Жоғары санатты тәрбиеші Вейкшнер Надежда Ивановна өзінің балалары туралы былай дейді: «Менің қыздарым – әр түрлі, көңіл күйлері де әр сәт әр түрлі болып құбылып тұрады: біреуі еркелеп жатса, екіншісі қияңқыланып тұрады, енді біреуі көтеріңкі көңіл күйде болса, келесісі ренжіп отырады. Мұндай жағдайда әр баланың тілін тауып, кіммен қалай сөйлесу керектігін білу қажет болады. Біреуіне қалжыңдап, екіншісімен маңыздырақ сөйлесіп, келесісінің көңілін көтеруге тырысасың. Біреуімен ашық әңгімелесіп, сырласасың, келесісін еркелетіп, енді біреуін жай ғана құшақтасаң да жеткілікті. Мен қаншалықты уақытым болмай жатса да, өзінің кішкентай болса да мәселесімен маған қыздарым жақындаса , барлығын ысырып қойып, оған жақсы сөздер айтып, көңіл –күйін көтеруге тырысамын».
Дәл осы үшін де балалар Надежда Ивановнаны жақсы көреді, оған қолдау көрсетіп отырады. Ол секілді еңбекқор, мейірімді, жауапты, тиянақты болғысы келеді.
Құрметті тәрбиешілер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз ! Сіздердің кәсіптеріңіз —, жақсылық жасаушының, адамды жақсы көре білудің, даналықтың үлгісі іспетті. Сіздердің әр бір күнгі еңбектеріңіз – өсіп келе жатқан ұрпақтың жүрегіне жылу ұялатып, білімнің шыңына апарар жол деуге болады. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті, шығармашыл белсенді болуларыңызды тілейміз! Сіздер үшін ең жоғарғы , лайықты марапат – тәрбиеленушілердің алғысы болғай!

Бала деп соққан жүрегі

Мен «Үміт» балалар үйінде керемет жанмен, жаңашыл педагог, жоғары санатты тәрбиеші Сагындыкова НагимаТемиргалиевнамен бірге қызмет атқаратынма қуанамын.
Жиырма жылдай уақыттан бері ол өз жүрегінің жылуын балаларға арнап келеді. Ақылды әрі байсалды, жаңашыл , әділдігімен өз әріптестерінің алдында жүреді. Ол жас тәрбиешілерге үлгі, сенімді тәлімгер бола біледі. Нагима Темиргалиевнаның айтуы бойынша: «Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы, бірақ та еш қандай технология, адамдардың бір –бірімен түсінісу кезіндегі жан жылулығын алмастыра алмайды. Мен өз бойымдағы барлық жақсылықты, мейірімімді балаларға арнап, білетінімді оларға үйретуге тырысамын». Балаларға деген сүйіспеншілік, өз мамандығыңды жақсы көргенде ғана жоғары нәтижелерге жетуге болады. Оның ең алғашқы тәрбиеленушілері қазіргі күні 30 жастан асқан, өмірде өз орындарын тауып, отбасын құрып, қаламыздың үлкен – үлкен өндіріс орындарында қызмет жасап жүр. Кейбіреулері жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.Ұстаз үшін ең жоғарғы марапат деген осы емес пе!? Нагима Темиргалиевнаның қоржынында облыстық, қалалық білім бөлімдерінің көптеген алғыс хаттары мен грамоталары бар, ол «Жыл тәрбиешісі» конкурсының жеңімпазы. Баршамыздың сүйікті де маңызды мерекеміз, мұғалімдер күні қарсаңында қадірлі де құрметті Нагима Темиргалиевнаға зор денсаулық, отбасына амандық және шығармашылық табыстары еселене берсін деп тілеймін!

«Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі Б.М.Аширбекова