Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Ән – өмірдің сәні

Мен кішкентай кезімнен ән айтқанды жақсы көремін. 9 жасымнан бастап вокалмен шұғылданып келемін.Бұрындары мен сахнаға шыққаннан қорқатынмын, менен ештеңе шықпайды деп ойлайтынмын.  Өсе келе ән айту маған ұнайтынын  түсіндім, мен өзімді тексеріп көрдім, енді сахнадан қорықпаймын. Қазір мен музыка мектебінде вокал класы бойынша оқимын. Әнді дайындау  - бір неше рет қайталап, қателерді түсетуді талап ететін аса жауапты еңбек. Әнді орындау кезде барлығы да маңызды:қалай тұратының,  өзіңді ұстауың,  тыңдау қабілетін жақсы болу керек, дауысыңды дұрыс меңгере білуің қажет. Сахнаға шығар алдында мен бір неше рет дайындық жасап барып, сосын ғана кезекті әнді орындаймын. Өз жетістіктеріме қуанамын, әр түрлі жанрдағы әндерді орындауға тырысамын. Мен үшін көрермендердің бағасы маңызды, әнді бар ынтаммен, жақсы көңіл –күймен орындауға тырысамын. Мен вокалдық шығармашылықта кішкентай болса да жетістіктерге жеттім деп ойлаймын.Балалар үйінде менімен музыка жетекшісі  - Плотникова Лидия Викторовна жұмыс істейді.Ол маған  тек еңбек пен шыдамдылықтың арқасында ғана жоғары жетістіктерге жететіндігімді үнемі айтып отырады. 

Сидыкова Карина.