Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Мен сурет салумен әуестенемін

Мен, әр бір адамның шұғылданатын сүйікті ісі болуы керек деп есептеймін. Сүйікті ісімен шұғылданғанда адамның жақсы қасиеттері ашылады, ақыл ойы жетіліп физикалық дамуы артады.Әркім өз талғамына қарай шұғылданатын ісін таңдайды: біреу сурет салғанды жақсы көрсе, екіншісі ән айту немесе билегенді ұнатады. Мен сурет салғанды жақсы көремін. Сурет салу – маған  тіпті күнделікті өмірде әдемі сәттерді көре білуге, әлемге ерекше , эстетикалық көзқараспен қарауға үйретеді. Мен кқкем сурет мектебінде 3 жылдан бері шұғылданып келемін. Әр күн сайын мен өз көңіл –күйімді қағаз бетіне түсіремін.Ақ қағазға өзімнің жарқын да тамаша сезімімді, табиғатты,  адамдарға деген көз қарасымды бейнелеймін. Сурет салу  - менің тынығуыма, шығарма және әдемілік  әлемінде өмір сүруіме көмектеседі.Маған белгілі суретшілердің қызықты картинкалары ұнайды.   Біреудің жетістігін көргенде, менің де ары қарай өзімді дамытып, жаңа дүниелерді үйренгім келеді. Мен де өз туындыларымды  көрмеге  қоятын кез келеді деп ойлаймын. Оларды бағалап, мені түсінетін адамдар да табылар. Мен әр  бір баланың өзінің  сүйікті ісімен айналысуын қалаймын.

"Сымбат" тобының тәрбиеленушісі Яковлева Александра