Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

«Умитяночка» видеостудиясы

"Балалардың қызығушылығы уақыт өте келе тұрақты жұмысқа айналуы мүмкін" – дейді отбасымыздың досы" Восточный " разрезінің қамқоршысы  Олег Николаевич  Чупринский, өз жұмысының тығыздығына қарамастан балаларды видео түсіруге үйретуге шешім қабылдады. Олег Николаевич аптасына бір рет осы өнерге қызығушылық танытқан балалармен жұмыс жүргізеді. 

Олега Николаевичтің өмірі түрлі –түсті, ашық бояуларға толы, ол адамдарға керемет видеороликтер арқылы бақыт сыйлауды таңдады. Оның балаларды камерамен жұмыс істеуге, монтаж жасауға , қызықты видеороликтер жасауға көмектесемін деген ойын Орталықтың басшысы мен педагогтары толығымен қолдады. Сандық технология өте тез дамуда. Осыдан біраз жылдар бұрын әр бір үйде компьютер болады, интернет жалпы халыққа қол жетімді болады деп ойлаған да жоқпыз ғой. Балалық шақтағы қызығушылық өмірлік ісі болып қалыптасуы да мүмкін. Осы сабақтар нәтижесінде алған білімі мен біліктілігі бейнемонтаж саласында одан әрі жетілуіне іргетасы болатыны сөзсіз.  Олег Николаевич балалармен бірге  "Человек с большой буквы" атты жобаны іске қосты және алғашқы видеофильм түсіріліп, монтаждалды. Видеостудияны  "Умитяночка" деп атады. Алда жоспарлар көп, ал біз  Олег Николаевичқа  балалардың әлеуметтенуіне қосқан үлесі үшін, оларды өмірдің жарқын бояуларын көре   білуге үйреткені үшін алғыс білдіреміз. Біздің балалардың жұмысын әлеуметтік желілерде,  фейсбук, одноклассники, инстаграмм парақшаларынан көруге болады.

 

 

IMG 20190913 171334