Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

«Жаңа жылдың сұлуы» сайысы

Жаңа жылдық шырша – бұл Жаңа жылдың басты белгісі. Онсыз мереке де болмайтындай ... Аяз атаның шеберханасында жаңа жыл қарсаңында балалардың өз қолдарымен жасаған  жаңа жылдық шырша жасау сайысы аяқталды. Сайысқа барлық топтар қатысты. Шыршалардың  түр –түрі болды!

Жіптен, қағаздан – торцевания әдісі бойынша , оригами, картоптан,  макарон өнімдерінен, мақта  дискілерінен, сіріңкеден, фетрден жасалған! Сайысқа қойылған  шыршаларды көріп  біздің барлығымыз да ересектер де балалар да асыға күтіп жүрген жаңа жылдық бақыт пен  жаңа жылдық ғажайыпқа  кенелгендей боласың.  Сайысқа барлығы 31 шырша ұсынылды. Олардың барлығы басты мерекеге дейін, оны жасауға өз үлесін қосқандығын еске салып  балаларды қуанышқа бөлейтіні сөзсіз. Қатысушылардың барлығы да тәттә сыйлықтармен марапатталды.