Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Елбасы медалы

Балаларды қолдау  орталықтың  тәрбиеленушілері  Махажанова Айжан және  Поляков  Рафкат  "Елбасы медалі." республикалық  жобаның қола медаль  деңгейін қорғады.  "Елбасы медалі"  осы бағдарламада көзделген талаптарды табысты орындап, патриотиттық белсенді,  азаматтық ұстанымы үшін   жеңімпаздарға берілетін  ерекше  белгі. Елбасы медалі " - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.  Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады. 2020 жылы "Елбасы медалі" жобасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.  Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері  Поляков Рафхат және Махажанова Айжан қола медаль деңгейіне жетті. Біз алты ай бойы алға қойған мақсатқа ұмтылған тәрбиеленушілерімізді мақтан тұтамыз. Балалар жоба бойынша жұмысты шілде айында, балалардың демалысы  кезінде  бастады. Қыркүйектен желтоқсанға дейін  жоба жұмысын сабақ оқумен қатар бірге алып жүрді.  Иа , бұл оңай болған жоқ, дегенмен балалар жұмысты тоқтатпай, соңына дейін жеткізді. Жарайсыңдар! Керемет!  Айжан да  Рафкат  та   келесі деңгейге , күміс медаль деңгейіне жету үшін  жоба бойынша жұмысты жалғастырғылары  келеді.