Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Зияткерлік күні

20 наурыз  –  Зияткерлік күні. Бұл күні балалардың зияткерлік  мүмкіндігін  дамыту  мақсатында  ұлттық фольклормен танысу, мақалдар, жұмбақтар   мен жаңылтпаштар айту,эпостардан үзінді оқу секілді жұмытар ұйымдастырылады. Осы дәстүрді  дәріптеу мақсатында бұл күні  Орталықтың тәрбиеленушілері мен қызметкерлері  ұлттық дәстүрлерді  көрсетті. Бұл күнгі тақырып - "Салтымызды сақтаймыз". Мақсат – тәрбиеленушілердің қазақтың салт –дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, қазақ халқының мәдениетіне  деген қызығушылықтарын  арттыру. Тәрбиеленушілер  "Тілашар" дәстүрін, қызметкерлер келіннің туыстарымен қоштасу салтын көрсетіп, "Сыңсу" айтты. Педагогтар  "Шілдехана" көрінісі арқылы  ",,Сүйінші" ,"Қоржын әкелу", "Азан шақырып ат қою", "Аластау", "Тыштыма", "Бесікке салу" және  "Бата беру" салт –дәстүрлері туралы толық мәлімет берді.