Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Ұлттық тағамдар күні

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр бір отбасында қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады. Міне,  біздің үйде де күні бойы бейімделу орталығында  ұлттық тағамдардың иісі бұрқырап тұрды. Балалар арасында  бауырсақ дайындау бойынша    «Baursak Partу» байқауы ұйыматырылды. Біздегі әр  мереке бауырсақсыз өтпейді.   Әр бір топтан бір –бір  қатысушы болды. Ұлдар мен қыздар дәмді бауырсақ пісіру бойынша сайысқа түсті.  "Сымбат"тобы дөңгелек бауырсақ,   "Бірлік"тобы – төрт бұрыш бауырсақ , ал "Қарлығаштар" тобы  - "ши бауырсақ" пісірді. Бауырсақтар  қашан да тез желінеді, әсіресе ыстық күйінде өте дәмді. Сонымен бұл күні  барлық балалар бауырсақтан дәм татты. Іс –шараның қорытындысы бойынша  достық жеңді. Балалардың барлығы да бауырсақты өте дәмді пісірді. Сонымен қатар балалар  ас үйде кезекпен  мерекелік тағам дайындады.  "Мурагер" тобының тәрбиеленушілері өздерінің тәрбиешісі   Сагындыкова Нагима Темиргалиевнамен бірге мәнті,  , наурыз көже және   "Киіз үй" салатын дайындады , воспитанницы группы Сымбат тобының тәрбиеленушілері бесбармақ ,  «Бірлік» тобы дәмді бәліш пен  «Радуга» салатын жасады . Барлығы дәмді , балалар  риза ,мерекелік көңіл –күй ерекше!