Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Президент Жолдауы «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»

КММ –нің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Токаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауымен танысты. Бұл жолдау қоғамның барлық саласын қамтиды.  Президенттің білім саласына , нақтылы айтқанда білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлетіндігі бізді қуантады.

Бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі де біз үшін маңызды болды. Бұл  өте маңызды шешім, себебі педагогтар мен мұғалімдер жұмысының қаншалықты қиын екендігі барлығына белгілі. Отбасы институтын дамыту және нығайту, өмірлік қиын  жағдайға тап болған бала  құқығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік органдардың назарын зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қорғау жөніндегі тұтас бағдарлама жасауға, оқушылардың  қабілеттерін анықтау негізінде Кәсіптік бағдар беру саясатына, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау жөніндегі Жол картасын әзірлеуге, спорттық инфрақұрылымға барынша қол жеткізуге зор мән беру керектігі  туралы айтты. Тұрғын үй саясаты , халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері ешкімді бей-жай қалдырмады. Жолдауда айтылғандардың барлығы тиісті органдар арқылы жүзеге асады деп сенеміз. Қоғамдық диалог, адамдардың қажеттіліктеріне ден қою мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты басым бағыттардың бірі болып табылады. Проблемаларды жүйелі шешу біздің еліміздің тұрақтылығына, бірлігіне және өркендеуіне ықпал етеді деп үміттенеміз.