Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

Тілдер мерекесі

Қыркүйек айының соңғы күндері  біздің орталықта көптеген әр түрлі қызықты іс –шаралар  өткізілді. Соның бірі тілдер айлығына арналған қорытынды іс –шара «Радуга языков» деп аталатын тілдер фестивалі. Шараның мақсаты – балалардың  ана тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, себебі біздің балалардың арасында украиын, татар, өзбек, беларус ұлтының өкілдері бар.

Шараға барлық топтар алдын –ала өздері таңдаған ұлттың өкілдері ретінде сол ұлттың  өнері салт –дәстүрі , мәдениетін  көрсетті. Балалар ұлттық костюмдерді, тағамдарды  таныстырып, сол тілде өлең оқып, ән айтты, аса қызығушылықпен ұлттық ойындарды ойнады. Барлық топ белсенді қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Мереке соңында дастархан жайылып ұлттық тағамдар ұсынылды.