Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Навстречу мечте!

2019ж.10 - 13 қыркүйек аралығында Алматы қаласының орталық стадионында балалар үйі және мектеп –интернат тәрбиеленушілерінің арасында футболдан Чемпионат өткізілді. Оған Қазақстанның 10 өңірінен 12 команда қатысты. Қатысушылардың  арасында біздің тәрбиеленушілер  Екібастұз  қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы  балаларлы  қолдау  орталығының футбол командасы да бар. 10 қыркүйек күні «Қайрат» ФК  -ның Орталық стадионында БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз –конференциясы мен  спорт және шоу бизнес  жұлдыздары , Қазақстан футбол Федерациясы өкілдері қатысқан ресми ашылу салтанаты болып өтті.  Бұл жобақазақстан спортын дамытуға салмақты үлес қосатын  ата –анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балалар арасында футболға бейім балалардың дарынын дамыту, ынталандыруға бағытталған.   "Навстречу к мечте" чемпионатын   Baurzhan  қайырымдылық қоры және Trust Samruk-Kazyna  әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырылды. Біздің команда алғаш рет осындай ауқымды  іс –шараға қатысып отырғандығына қарамастан ,  біздің балалар тырысып , ойын қорытындысы бойынша 4 орынға ие болды!  Лопатин Артур   «Үздік ойыншы  -2019». атағына ие болды. Балаларды нәтижелі  бастамасымен құттықтаймыз, олардың үздік ойындар әлі алда!