Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

День открытых дверей

2019ж 29.09. «Балалар үйі түлектерінің өмірі мен карьерасын жоспарлау» жобасын жүзеге асыру барысында Балаларды қолдау орталығында  жобаға қатысушы – «Восточный» разрезінің қамқоршыларына  арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты: қоғам алдында мекеменің  беделін қалыптастыру,  ұжымның балалармен өткізетін  білім беру –тәрбие жұмысының  барлық түрімен таныстыру, серіктестік  қарым –қатынас орнату. Бұл күні  мекеменің барлық жұмысы біздің тәрбиеленушілердің қамқоршыларының назарына ұсынылды.Қонақтар орталықта шыныменен де өмір сүруге  және жекке басын дамытуға қолайлы жағдай жасалғандығына көз жеткізді және  балалармен өткізген  қызықты және танымдық ойындар-сабақтарға риза болды.Барлығына жақсы көңіл –күйдегі орта, балалармен бірлескен жұмыстың нәтижесі ұнады.  Мекеме мен әлеуметтік серіктестіктер арасындағы сенімді қарым –қатынасты нығайту үшін  қоғаммен осындай жұмыстар өткізудің  өзектілігін атап өткіміз келеді. Кездесу балаларға кәсіби бағыт беру және отбасылық өмірге дайындау бойынша бірлескен жұмыстың жоспарын талқылаумен аяқталды.