Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Болашақ отағасы

Кез келген зат  уақыт өте келе ескіретіні белгілі,  жұмсақ жиһаз  да солай. Бірақ жиһаз ескірген кезде   оның бастапқы түрі мен қасиеттерін қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Оны қалай жасау керек, реті қалай болу керек, қандай материал қолдану керектігі туралы бізге қамқоршыларымыз – УДР -2 учаскесінің  қызметкерлері Дюбанок Алексей және  Богинский Станислав үйретті. Қыздарға арналған лекция , семинар, мастер –кластар жетерлік.  Ал ұлдарға қайда бару керек ? Тікұшақты ұшыруды  үйрену , аң аулау,  кешкі ас дайындау, әр түрлі стильдерді үйрену мұның барлығыт ер азаматқа артық болмайтын қасиеттер.Бұларды үйрету үшін біздің ересек достарымыз әр қашан жанымыздан табылады. Жай ғана орындық, бірақ оны қалпына келтіру үшінтқаншама еңбек керек! Өз отбасын көркейту біздің ұлдардың әр қайсысының басына келері сөзсіз.  Бұл бағытта тек қана жиһазды жөндеу ғана емес, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу , тамақ әзірлеу т.с.с. қамқоршыларымызбен бірлесіп атқарамыз.Ер азаматтар бәрін де істей білуі керек!Өзінің құрған  отбасын көркейту, сыйлықтар жасауды үйрену – балалар мен ересектердің өз мүлкін ұқыпты ұстауға, отбасына қамқор болуға, өз бетінше өмір сүруге дайындалуына мүмкіндік туғызады. Еңбек сабақтарыңыз үшін, ақыл кеңестеріңіз үшін рақмет,сіздерге!