Екібастұз.қ, Сәтбаев Бульвары, 6-үй

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

Ұмытылмас кездесу

2019ж.05.10.  фуд - блогер Кристина Русиновичпен кездесу болып өтті.  Біз үшін бұл көптен күткен маңызды кездесу болатын. Қыздар қонақты асыға күтті , ең басты фанат Гульмира болды. Ол таңертеңнен бастап есік алдына шығып оның жазылымдарын қарап  күтіп отырды.  Балалардың барлығы қалай өтер екен деп қобалжумен болды?! Ал барлығы Кристинамен баяғыдан бері танысындай , еркін жағдайда өтті.  Жайлы үй жағдайында  біз әр түрлі тақырыпта әңгіме қозғадық, Кристина қыздардың қойған ең қиын сұрақтарына да жауап берді. Содан соң біз өте дәмді  "Шарлотка" тортын дайындауға кірістік.Біздің тәтті тортымыз дайын болғанша біз Кристина үшін  экскурсия  ұйымдастырдық. Біздің жаңа досымыздың сұрақтары өте көп болды:  "Сендерге осында тұру ұнай ма? Орталықта қашаннан бері тұрып жатырсыңдар? Қандай үйірмелер бар? т.с.с. Біздің тортымыз да дайын болып қалды. Торт өте дәмді, жеңіл және бәріне де қатты ұнады. Кристина  бізге подарила нам блинница және өзінің  "Проверенные рецепты" журналының алғашқы шығарылымын сыйға тартты. Қоштасар кезде біз де оған  естелікке сыйлық ұсындық. Біздің досымыз Гульнар Ахмолдинаға осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз! Біз үшін бұл ұмытылмас кездесу болды!