Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс
8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74
Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ
Аяз атаның сыйқырлы қоржыны
- 10.01.2017
Жаңа жыл ересектер мен балалардың асыға күтетін мерекелерінің бірі.Ал «Үміт» балалар үйінің ересектері мен балалары бұл мерекені ерекше асыға күтеді.Себебі бұл мереке ерекше қызықты өтеді.Жыл сайынғы жаңа жыл мерекесі тәрбиеленушілерге ерекше көңіл –күй сыйлайды. Ересектер алдын ала үлкен іс –шараға дайындала бастайды: әр түрлі костюмдер тігеді, сценарий жазады, музыка таңдайды, сыйлықтар дайындайды.
Пәтер кілті табысталды
- 05.12.2016
Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Тұңғыш президент күні қарсаңында Екібастұз қаласының 36 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Екібастұз қаласының әкімі Нукенов Қайрат Теміршотовичтің қолынан жаңа пәтер кілтін алған бақытты жандардың арасында балалар үйінің 13 түлегі де болды.
Президентке сыйлық
- 05.12.2016
Осы жылдың 28 қараша күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет үйінде екі аптаға жалғасқан «Жаңа территория -2016» деп аталатын жастар театры фестивалінің жабылу салтанаты болып өтті. Фестивалды Павлодар облысының жастар политикасы жөніндегі басқарманың қолдауымен "ПРОМЕНЬ" мәдени- бос уақыт студиясы және «Тәлімгер» ЖҚҰ ұйымдастырды. Облыстық театр және жастар ұйымдары 14 күн бойы спектаклдер қойды, театр өнері бойынша мастер –кластарға қатысты. Ұйымдардың жұмысын Қазақстан және Ресейдің түкпір –түкпірінен келген тәжірибелі жоғары кәсіби мамандар бағалап отырды.
Еңбегінің жемісі
- 03.11.2016
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің каникулы жағымды оқиғамен басталды.Оқуда және қоғамдық жұмыста жетістікке жеткен балаларға шәкіртақы тапсырылды.Барлық топтарда балалардың білімі, белсенділігі рейтинглік жүйе арқылы бағаланады.Бұл жүйе тәрбиеленушілер үшін өте маңызды:
- Тәрбие үрдісінде демократия мен ізгілікті арттырады, балалар өз рейтингілерін өздері анықтайтын болады;
- еркіндік, батылдық, мақсаткерлік мінезі қалыптасады;
- рейтинг тәрбиеленушілердің өз қызығушылығын, мүмкіндігін, бейімділігін анықтап, жеке басының құндылығын нығайтуға көмектеседі;
- білім сапасын, біліктілігі мен икемділігін арттыруға ынталандырады.
Каникулдың басталуына арналған салтанатты жиында балалар үйінің басшысы Н.А. Абдрахманова 20 шақты балаға ынталандыру шәкіртақысын табыстады.
Пайдалы каникул
- 03.11.2016
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс –шаралар шеңберінде және «Индустриалды жаңашыл Қазақстан» айлығы жоспарын жүзеге асыру барысында «Восточный» разрезінің кәсіп одақ комитеті және Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Үміт» балалар үйінің ересек балаларын, өздеріне қамқоршы болып отырған, қаламыздағы ірі көмір өндіруші кәсіпорынға апарды.
Боулинг қызықты ойын
- 18.10.2016
Қатарластырып қойылған қадаларға дәл тигізіп, бүлдіру – бұл боулинг ойынының негізі шарты .Тізіліп тұрған он шақты қадаға қарай сатырлатып –сұтырлатып үлкен шарды дөңгелету әр адамға жасы көңіл күй сыйлайтыны сөзсіз. Боулинг ойынының дәл осы қарапайым қағидасы , миллиондаған адамдардың осы спорт түріне деген қызығушылығын арттыруда.
Тәрбиеші қатарына қабылдау
- 12.10.2016
Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйінде тьюторлық бағдар беру бағдарламасы жұмыс істейді. Әр бір жас педагогқа жұмыс тәжірибесі мол тәлімгер педагог бекітіліп беріледі.Осы бағдарлама шеңберінде жаңадан келген педагогтарға арналған дәстүрлі іс –шара «Тәрбиеші қатарына қабылдау» салтанаты болып өтті.