Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Мейірімді Жаңа жыл!

2016 жылдың 30 желтоқсанында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Павлодар облысы бойынша Жеке сот орындаушылар палатасының басшысы С.Т. Жумашев және Павлодар облыстық Жеке сот орындаушылар палатасының Екібастұз аудандық аумақтық бөлімшесінің басшысы А.Г.Баратов қонаққа келді.

Балаларға музыкалық сыйлық

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Жаңа жылға, тауық жылына арналған қысқы каникул кезіндегі жұмыс жоспары шеңберінде «Үміт» балаларүйінің тәрбиеленушілері М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебіне қонаққа барды. Біз көп жылдан бері музыка мектебімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз.

Әлеуметтік эксперимент «Мейірім»

Жақсылықты кез келген уақытта жасауға болады.Бұл мәселеде ең негізгісі игі ниеттің шын көңілден шығуы. Жақсылық жасасаң, оның қайырымын күтпе. Егер сіз пайдакүнемдік ниетпен , сізді барлығының байқағанын, бағалағанын қалап, жақсылық жасасаңыз, ол сізге еш қандай қуаныш сыйламайды.Көп адамдар жақсылық жасау үшін ақшаң балу керек деп ойлайды, бірақ олай емес. «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері жақсылық жасау адамға қаншалықты қуаныш сыйлайтындығына көз жеткізгілері келді.

Аяз атаның сыйқырлы қоржыны

Жаңа жыл ересектер мен балалардың асыға күтетін мерекелерінің бірі.Ал «Үміт» балалар үйінің ересектері мен балалары бұл мерекені ерекше асыға күтеді.Себебі бұл мереке ерекше қызықты өтеді.Жыл сайынғы жаңа жыл мерекесі тәрбиеленушілерге ерекше көңіл –күй сыйлайды. Ересектер алдын ала үлкен іс –шараға дайындала бастайды: әр түрлі костюмдер тігеді, сценарий жазады, музыка таңдайды, сыйлықтар дайындайды.

Пәтер кілті табысталды

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Тұңғыш президент күні қарсаңында Екібастұз қаласының 36 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Екібастұз қаласының әкімі Нукенов Қайрат Теміршотовичтің қолынан жаңа пәтер кілтін алған бақытты жандардың арасында балалар үйінің 13 түлегі де болды.

Президентке сыйлық

Осы жылдың 28 қараша күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет үйінде екі аптаға жалғасқан «Жаңа территория -2016» деп аталатын жастар театры фестивалінің жабылу салтанаты болып өтті. Фестивалды Павлодар облысының жастар политикасы жөніндегі басқарманың қолдауымен "ПРОМЕНЬ" мәдени- бос уақыт студиясы және «Тәлімгер» ЖҚҰ ұйымдастырды. Облыстық театр және жастар ұйымдары 14 күн бойы спектаклдер қойды, театр өнері бойынша мастер –кластарға қатысты. Ұйымдардың жұмысын Қазақстан және Ресейдің түкпір –түкпірінен келген тәжірибелі жоғары кәсіби мамандар бағалап отырды.

Еңбегінің жемісі

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің каникулы жағымды оқиғамен басталды.Оқуда және қоғамдық жұмыста жетістікке жеткен балаларға шәкіртақы тапсырылды.Барлық топтарда балалардың білімі, белсенділігі рейтинглік жүйе арқылы бағаланады.Бұл жүйе тәрбиеленушілер үшін өте маңызды:

  • Тәрбие үрдісінде демократия мен ізгілікті арттырады, балалар өз рейтингілерін өздері анықтайтын болады;
  • еркіндік, батылдық, мақсаткерлік мінезі қалыптасады;
  • рейтинг тәрбиеленушілердің өз қызығушылығын, мүмкіндігін, бейімділігін анықтап, жеке басының құндылығын нығайтуға көмектеседі;
  • білім сапасын, біліктілігі мен икемділігін арттыруға ынталандырады.

Каникулдың басталуына арналған салтанатты жиында балалар үйінің басшысы Н.А. Абдрахманова 20 шақты балаға ынталандыру шәкіртақысын табыстады.

Пайдалы каникул

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс –шаралар шеңберінде және «Индустриалды  жаңашыл Қазақстан» айлығы жоспарын жүзеге асыру барысында «Восточный» разрезінің кәсіп одақ комитеті және Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Үміт» балалар үйінің ересек балаларын, өздеріне қамқоршы болып  отырған,   қаламыздағы ірі көмір өндіруші  кәсіпорынға апарды.

Боулинг қызықты ойын

Қатарластырып қойылған қадаларға дәл тигізіп, бүлдіру – бұл боулинг ойынының негізі шарты .Тізіліп тұрған он шақты қадаға қарай сатырлатып –сұтырлатып үлкен шарды дөңгелету әр адамға жасы көңіл күй сыйлайтыны сөзсіз. Боулинг ойынының дәл осы қарапайым қағидасы , миллиондаған адамдардың осы спорт түріне деген қызығушылығын арттыруда.

Тәрбиеші қатарына қабылдау

Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйінде тьюторлық бағдар беру бағдарламасы жұмыс істейді. Әр бір жас педагогқа жұмыс тәжірибесі мол тәлімгер педагог бекітіліп беріледі.Осы бағдарлама шеңберінде жаңадан келген педагогтарға арналған дәстүрлі іс –шара «Тәрбиеші қатарына қабылдау» салтанаты болып өтті.