Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс
8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74
Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ
Өз жылыжайымыз бар
- 04.12.2020
Қыстың алғашқы айында біз балаларды қолдау орталығының аумағын көріктендіретін жаңа әдемі жылыжайлы болдық. Орталық тәрбиеленушілері үшін бұл күтпеген, бірақ өте жағымды және пайдалы сыйлық болды.
Қоныс құтты болсын!
- 02.12.2020
2020 жылдың 1 – желтоқсаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының түлегі Арыстанбеков Қайраттың өміріндегі ең бір жарқын оқиғамен есінде қалатын болды. Өзінің баспанасы болуы – кез келген адамның арманы, үй мәселесі көп адамдар әлі де өзекті.
Салтанатты жиын
- 01.12.2020
1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай біздің орталықта "Елбасымызбен бірге -болашаққа" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Егемен Қазақстанның негізін қалаушы-Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын бұл күн балалар үшін өте қадірлі мереке. Мерекелеріңіз құтты болсын қазақ елі!
«Нұрсұлтан Назарбаев. Ақынжанды саясаткер»
- 29.11.2020
2020ж.29.11.тәрбиеші Улиханова Я.О.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаев. Ақынжанды саясаткер» деректі фильмді көрсете отыра кездесу ұйымдастырды.
"Қазақстан-біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ"
- 28.11.2020
2020ж.28.11.Тұңғыш Президент күні қарсаңында ересек тәрбиеленушілер арасында тәрбиеші К.Б. Рамазанова «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді. Сабақ басталысымен балалар " Мәңгілік ел" бейнебаянды көрді.
«Аман Келешек - 2020»
- 14.11.2020
2020ж.14.11. күні тәрбиеленушілер күзгі каникулдағы ең бір қызықты оқиғасы болған VII республикалық кәсіби –бағдар беруге бағытталған «Аман Келешек- 2020» фестиваліне қатысты. «Аман келешектің» биылғы жылғы ұраны : «Біз ұлы даланың мұрагерлеріміз!».
Алтын микрофон
- 14.11.2020
Екі тәрбиеленуші Кожина Е. және Кузьменко В. «Алтын микрофон» қалалық мәнерлеп оқу сайысының жүлдегерлері атанды. Кожина Е. – 1 орын, Кузьменко В. -2 орын.
Адамгершілік кітабы
- 13.11.2020
Екібастұз қаласыныңы орталық кітапханасы бастамасымен «Қазақстан балалары – күзгі интерактив» Республикалық акциясы шеңберінде 2020ж.13.11. күні Г.Н.Троепольскийдің «Ақ Бим қара құлақ» кітабы бойынша «Қайғылы оқиғаның жақсы сабақтары» тақырыбында онлайн талдау – сабағы өткізілді.
Чемпиондармен кездесу
- 12.11.2020
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!"- деген ұранмен 2020ж.12.11. күні Орталықтың тәрбиеленушілері үшін «Жасыбай» ССК –нің жетекші спортшылары, спорттық акробатика бойынша халықаралық чемпиондар - Пахандрин Анатолий , Саудов Санжармен онлайн – кездесу ұйымдастырылды. Тренер Исенова А. Б. спортшылардың жетістігі туралы зор мақтанышпен әңгімеледі.
Сиқырлы жіптер
- 10.11.2020
2020ж.10.11. күні басшының тәрбие ісі бойынша орынбасары Абдулина Г.К. эстетикалық бағыт бойынша жұмыс шеңберінде балаларды «Сиқырлы жіптер» деп аталатын шығармашылық іс –шараға шақырды. Бұл шараға кішкентайлардан бастап кез келген жастағы тәрбиеленушілер өз қалауы бойынша қатыса алды.