Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Денсаулық қаласы

Спорттық апта  шеңберінде  « Денсаулық қаласы»  тақырыбында квест –ойын  өткізілді. Ойынға орта және ересек топ тәрбиеленушілері қатысты.  Ойын үш станция бойынша өткізіліп, балалар ерекше жақсы көңіл –күйде , аса қызығушылықпен  ойнады.

Толығырақ...

"Жаз Live" лагеріндегі құм патшалығы

Балаларға құммен ойнаған қатты ұнайды. Тек балаларға ғана емес , көптеген ересектер жағажайда  құмнан  қорғандар  тұрғызып,  керемет дүниелер жасайды. Ал, балалар үшін құм – нағыз  ұжымақ. Құм төсеніш – бұл балалар  ұзақ уақыт  бойы ойнап отыра беретін орын. Неге отырмасқа ? Бұл сондай  әмбебап  материал-трансформер.

Толығырақ...

Зияткерлік ойындар

Міне, біздің жазғы  лагердің екінші маусымы да басталды! Бұл маусым екекше болады, біздің тәрбиеленушілер ақылды , спорттық  лагерде болады, көптеген эксперименттер өткізеді, онымен  міндетті түрде сіздермен бөлісетін боламыз.

Толығырақ...

Балмұздақ күні

Бүгін бізде балмұздақ күні өткізілді.  Балалар оны жеп қана қойған жоқ, сонымен қатар ол туралы  қызықты  фпактілер  жинады, жаңа ақпараттармен бөлісті, өздерінің  рецептілерін құрастырды, дегустация жасады, басқа отрядтың балаларына дәм татқызды.

Толығырақ...

Телевидение күні

Бүгін таңертеңнен бастап орталықта  қозғалыс .Барлық жерде видеожазба  өткізіліп жатыр, есіктердің барлығына « Кіруге болмайды,түсірілім жүріп жатыр!» деген  жазбалар ілінген. 

Толығырақ...

Балалар конференциясы

2020ж. 02.07.  күні балалар "Көшбасшылық және абырой ",  Республикалық балалардың өзін –өзі басқару  көшбасшылар кеңесінің кезекті конференциясына  қатысты.Ол онлайн –алаң  форматында ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдерінің қатысуымен,  бірлесіп өткізілді. 

Толығырақ...

Ұлдар күні

2020ж. 30.06. күні лагердің бірінші маусымында  бізде Ұлдар күні өткізілді.  Күні бойы ұлдар  өздерінің спорттық және шығармашылық  өнерлерін  көрсетті. Бұл күн нағыз ұлдардың ойыны – футбол ойнаудан басталды. Ерекше ойынымен  көзге түскендер:Лопатин Артур, Мельник Руслан, Султанов Анвар, Ахметов Чингиз.

Толығырақ...

Вожатыйлар сайысы

Біздің балалардың өз еріктерімен вожатый  міндетін  мойындарына алуы біз үшін   зор қуаныш! Жауапкершілігі мол, белсенді, көңілді және позитивті – олар күні бойы  әр түрлі іс – шараның ортасында жүреді. Өздерінің бос уақытында вожатыйлар  дайындық жасайды, ойындар өткізеді,  алаңда тазалық жұмысын жүргізеді, гүлдерді срады, ұпайларды санайды.

Толығырақ...

Дарындылар шоуы

Барлық балалар дарынды  екендігінде дау жоқ! Көбінесе  бұл айналасындағылардан  жасырын болады. Баланың дарындылығын тауып, ашылуына  көмектесіп, баланың дарынын дамытуға септігін тигізу – ересектердің ең бір маңызды  мақсаттының бірі.  Балаға дарынының ашылуына  мүмкіндік беру  –  оған өзінің сүйікті ісімен шұғылдануға  көмектесу, оған бар күшін, уақытын  арнау, үнемі шұғылданудың  шарттарын қиындатып, дағды қалыптастыру.

Толығырақ...

Мен ең үздік нұсқамын

2020ж 10.06. күні  Орталықта  жылдың қорытынды  шығармашылық  "Лучшая версия себя"  бағдарламасы өткізілді. Жобаға қатысуға бес тәрбиеленуші өтініш берді.  Мақсат  - өзіңнің үздік екендігіңді көрсету!

Толығырақ...