28.12.2023

Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы

2023 жыл да   аяқталуға жақын. Жыл қорытындысын шығаратын кез келді. Біз ерекше  отбасымыздың өміріндегі 2023 жылғы  басты оқиғаларды келе жатқан  жаңа жыл   қарсаңында   жариялауды жөн көрдік .

Балаларды қолдау орталығының  негізгі оқиғалар мен жетістіктері:

2023 жылдың қыркүйегінде мекемені жаңа оқу жылына дайындау қорытындысы бойынша орталық ұжымы 1 орынға ие болды .

Биылғы жылы орталық тәрбиеленушілерінің шығармашылық ұжымы "Қазақстан-менің алтын бесігім" республикалық фестиваліне қатысты.

Барлық конкурстардың қорытындысы бойынша орталық ұжымы Бас жүлдеге ие болды.

ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 14 балаға Бурабай курорт  аумағында оналасқан  "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында қысқы демалысты өткізуге  мүмкіндік берді.

2023 жылдың сәуір айында -жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында " Бірлікпенен  бақытымыз!" V облыстық үгіт бригадалар сайысында біздің команда Гран –при иегері болды. Ол жыл   сайын Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының  бастамасымен өткізіледі!

2023 жылдың мамыр айы-облыстық XVII Кіші Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша орталық командасы Гран-при номинациясына ие болды . Ауыспалы кубок орталықтың спорт командасында тағы да қалды!

18 тәрбиеленуші Алматы қаласында өткен  "Үміт Кубогы-2023" республикалық баскетбол  чемпионатында  Орталығы  командасының намысын қорғады.

Жыл бойы орталықтың тәрбиеленушілері "Жаса Союз " ҚҚ  -ның "JASA KIDS" жобасының ауқымды әлеуметтік жобасының қатысушылары болды , Алматыға саяхаттады, Байқоңырға барды, орталықтың қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Арсютиннің  шақыруымен Парламентке  экскурсияға барды.  "Балалар мен өнер" жобасы аясында "Астана Операға" барып, Отанымыздың елордасында ұмытылмас  үш күн өткізді. Жылдың басты нәтижесі- балаларымыздың бақытты  болуы деп есептейміз. Осы жылы 40 бала ата – аналарына қайтарылды, 17 бала қамқорлыққа алынды.2023 жылдың қазан айынан бастап мекемеде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуге және кездесетін қиындықтарды жеңуге бағытталған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (ААПҚО) жұмыс істей бастады.

Орал қаласында өткен "Мәдениет ана – мәдениетті ұлт" Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында "Аялы Алақан" номинациясының қорытындысы бойынша орталық басшысы  Н.А.Абдрахманова  марапатталды.