Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

PHOTO-2021-11-10-09-37-51

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Көшбасшылар мектебі

2021ж.02.12.Балаларды қолдау Орталығында "Kazbrands" ҚҚ президенті Жанна Қасымқызы Какенова мен бизнес-тренер Бибігүл Кәкімжанқызы Шайхиеваның қатысуымен "Табысқа апарар жол"тақырыбында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәлімгерлер мен жастар көшбасшыларының Диалогтық алаңы өтті.

Құтты болсын, Айжан!

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына, ҚР Конституциясына, "ҚР-дағы бала құқықтары туралы ", "Білім туралы" Заңдарға, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің жанындағы балалар мүддесін қорғайтын  мемлекеттік саясаттың қолданыстағы заңнамаларына сәйкес балалар өкілдігі құрылды. Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары: 1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу ; 3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын, балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.
Павлодар  облысы, Екібастұз қаласының  балаларды қолдау орталығы атынан республикалық балалар  өкілдігінің мүшесі болып  11 сынып оқушысы Махажанова Айжан Амангелдіқызы сайланды . Айжан жаңалыққа, білімге деген ұмтылысы жоғары, шығармашылық мүмкіндігі, оқуға деген ынтасы, өз қабілетін әр салада байқап көруге деген ықыласы зор.  Белсенді өмірлік  позицияға ие, әр түрлі деңгейдегі  конкурстарға , жобаларға қатысушы, жүлдегер, дипломант және  жеңімпазы болып табылады. Ол өзін-өзі бағалай біледі, өз  көзқарасын  ашық  және  тікелей  білдіре  алады.  Оның өмірлік ережесі: "Мен жетістікке жетуге тырысамын"Айжанды оған көрсетілген жоғары  сенімі үшін құттықтаймыз және оның жетістікке жететініне сенеміз!

Үйренеміз және дамимыз

2020ж. 27.10. күні Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері кезекті рет "Көшбасшылық және абырой" балалардың  өз- өзін басқару Республикалық Көшбасшылар кеңесінің  конференциясына қатысты. Тренингтің тақырыбы  "Шешендік өнер". Бас  спикер  сертификаты бар  бизнес-тренерлер  Асем Магзумова  және  Мадина Шынасыл.

Мамандық таңдаудағы үш қадам

2020ж. 23.10. күні  Республикалық  «Көшбасшылық және абырой»  балалардың өзін –өзі басқару  Кеңесі көшбасшыларының  онлайн-кездесуі болып өтті. Оған біздің ересек тәрбиеленушілеріміз қатысты.

Кәсіби бағыттағы трендтер

2020ж.13.10. күні Республикалық  «Көшбасшылық және абырой»  балалардың өзін –өзі басқару  Кеңесі көшбасшыларына арналған   "Болашақ мамандығын кәсіби бағдарлау "және" Кәсіби бағыттағы Трендтер" тақырыбында  онлайн-тренинг  өткізілді.

Көшбасшылық және абырой

2020ж. 30.07. күні  Республикалық «Көшбасшылық және абырой»  балалардың өзін –өзі басқару кеңесінің кезекті  конференциясы болып өтті. Оған  "KAZBRANDS"  ҚҚ –ның президенті,жалпы ұлттық  "BIRGEMIZ SABAQTASTYQ"  жобасының басшысы Кайкенова Жанна Касымовна, Елбасы академиясы кеңсесінің портфолио меңгерушісі Утепкалиева Бибигуль Токаевна, Шығыс –Қазақстан облысының  Белоусовка  кенті  № 1 жалпы білім беретін орта  мектептің  директоры  Карибаева Мархаббат Камельхановна және балалардың  өзін –өзі басқару  көшбасшылары кеңесінің мүшелері қатысты.

Спорт кеңесі өз жұмысы туралы

1 желтоқсан күні  балалар үйінде тұңғыш президент күніне арналған теннис және асық бойынша  турнир  болып өтті. Асық турнирі екі түрінен «бес тас» және «шеңбер»  бойынша  өткізілді. Ұлдар мен қыздар жеке –жеке  сайысқа түсті.Ересек топтан ұлдар арасында  Стёпочкин Виталий,  кіші топтан   Филатов Артём бірінші орынға шықты.

Кітап не үшін керек?

2017ж.20  қазан   күні оқу кеңесі мүшелері  топтарда  «Кітап не үшін керек?» тақырыбында әңгіме өткізді. Тәрбиеленушілер өздерінің  қызықты пікірлерімен  бөлісті.  Диляра өзінің сүйікті кітабы туралы әңгімеледі,   Карина  «Большая энциклопедия   для девочек» кітабынан оқыған қыздардың  сырт бейнесі туралы құпияларымен бөлісті,  Аделя мен Алена өздері оқыған кітаптары туралы  әсерлерін айтып берді. Пух Павел, Мурзинова Тамара, Попова А,Скалозубова К, Кузьменко В.

Ал мен жақсы білемін!

2017ж 18 қазан  күні «Үміт» балалар үйіндегі оқу кеңесі мүшесі    Кузьменко Вадим көбейту кестесі бойынша «Ал мен жақсы білемін!» деген  жарыс ұйымдастырды. 8 сынып оқушылары арасында жеңімпаз  - Искакова Аделия.  7 сыныптан  -Мухажанова Айжан, 6- сынып оқушылары арасынан - Яковлева Александра жеңіске жетті.

Оқу кеңесі рейді

2017ж. 17 қазан күні    Махажанова   Айжан  мектеп оқу -   құралдары мен  жабдықтарының сақталуына   рейд  жасады. Кейбір балалардың  портфелінің санитарлық жағдайын тексерді:№ 5  топта  Попова Анастасия  мен Турсунгалиева Гульмираның , №3  топта  Мельник Руслан, Кузьминов Артура,  Пух Павелдің   №1 топта у Мельник Дарья, Искаковой Аделяның.