Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Көшбасшылық және абырой

2020ж. 30.07. күні  Республикалық «Көшбасшылық және абырой»  балалардың өзін –өзі басқару кеңесінің кезекті  конференциясы болып өтті. Оған  "KAZBRANDS"  ҚҚ –ның президенті,жалпы ұлттық  "BIRGEMIZ SABAQTASTYQ"  жобасының басшысы Кайкенова Жанна Касымовна, Елбасы академиясы кеңсесінің портфолио меңгерушісі Утепкалиева Бибигуль Токаевна, Шығыс –Қазақстан облысының  Белоусовка  кенті  № 1 жалпы білім беретін орта  мектептің  директоры  Карибаева Мархаббат Камельхановна және балалардың  өзін –өзі басқару  көшбасшылары кеңесінің мүшелері қатысты.

Онлайн – конференцияның  1- бөлімі Елбасы медалы бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне арналды.  Осы бағдарламаның барлық мақсат міндеттері  айқындалды. Сонымен қатар  отырыста ересектер мен балалар басқадай да туындаған сұрақтарды талқылады. Карибаева Мархаббат Камельхановна  ең үлкен жетістік –ол өз –өзіңді жеңе білу екендігін атап өтті. Онлайн – конференцияның 2- бөлімінде ғылыми –танымдық викторина өткізілді. Жас көшбасшылар «Ең ақылды оқушы» деген тақырыпты таңдап алды.Бұл викторинада 10 сұрақ болды, әр бір сұраққа жауап беру үшін уақыт белгіленді.  «Ең ақылды оқушы» викторинасының қорытындысы бойынша  біздің Махажанова  Айжан барлығынан көп ұпай жинады. Жарайсың, Айжан!  Онлайн-кездесу позитивті көңіл –күйде өтті. Соңында балалар  конференция  ұйымдастырған ересектерге ерекше  көңіл күй сыйлағаны үшін  алғыстарын білдірді.